Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

 Недзвецкий алмасы жойылып кету қауіпі төніп тұрған,өте сирек,реликт түр.Биіктігі 5-8 метрге жететін жеміс ағашы,Гүлінің түсі ашық қызғылт түсті,жемісі аса ірі емес,дөңгелек,жемісінің түсі қызғылт.сәуір-мамыр айларында гулдеп,жемісі тамыз-қыркүйекте піседі.Недзвецкий алмасы табиғи өсетін орнында популяция құрамайды,жабайыжемісті орман алқаптарында жеке дара кездеседі.Ғылыми зерттеу барысында түрдің жалғыздық дана түрі ретінде таралуының 8 орны анықталып сипаталады.Парктегі таралуы мен шоғырлану орындары:ұлттық парктің Түлкібас филиалы аумағында Недзвецкий алмасы өседі.
   Ұлттық парк аумағында осы түрді сақтау үшін атқарылатын қажетті шаралар,олар;мониторинг жүргізуді жалғастыру;түрді қосымша зерттеу және нақтылау қажет.Түрді қорғау боиынша экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу,соның ішінде арнайы тақырыптық аншлагтарды орнату.
     Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.Ғылыми қызметкер Үсен Ғаламат!

Түлкібас филиалының орман қоры жерлеріне жақын орналасқан ауыл шаруашылық құрамаларына егін алқаптарының сыртқы шетінен кемінде ені 4 м минералды жолақтар жасауын талап етіп міндеттеп, Түлкібас аудандық ТЖ мамандарымен бірлескен рейдтік іс шаралар жүргізіліп, үн парақтар таратылды.

1 1 1 1

Биотехникалық жоспарға сай жабайы аңдарға қыс мезгіліне қосымша азық ретінде мемлекеттік инспекторлар табиғи шөп орып бастырмаға және арнайы шөп салатын науаларға шөп салу сәті. 
Сондай-ақ, қыс мезгілінде еліктерге қосымша азық болу үшін сыпырғыштар жасалынып, арнайы сыпыртқы ілетін науаларға сыпыртқыларды ілу жұмыстары жүргізілуде.
1 1 1 1 1 1 1
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттің хаттамалық  тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 28 тамызы күні ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры Ж.Нұрғали, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының және ұлттық парк қызметкерлерінің қатысуымен  Ақпараттық жүйе (E-otinish)  арқылы келіп түсетін өтініштерді қарау тәртібі тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында өтініштердің қарау тәртібіне толық талдау жасалып, барлық сұрақтарға жауап алынды, қызметкерлер өзара тәжірибемен бөлісті.

image 28 08 24 07 58 1 image 28 08 24 07 58 1 image 28 08 24 07 58 1

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.