
Фототұзаққа түскен Тянь-Шань қоңыр аюы – табиғаттағы сирек әрі әсерлі көріністердің бірі. Аталған аю түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауды қажет етеді. Соңғы жылдары ұлттық парк аумағында аюлар санының біртіндеп артып келе жатқаны байқалады. Мұндай кадрлар жануарлардың табиғи мінез-құлқын зерттеуге мүмкіндік беріп, биоалуантүрлілікті сақтау жұмыстары үшін маңызды рөл атқарады. Алайда, Тянь-Шань қоңыр аюы жыртқыш жануарлар қатарына жататынын ескерген жөн. Осыған байланысты ұлттық парк қызметкерлері келушілерге табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Бұл ақпарат табиғатты қорғау бағытындағы үгіт-насихат жұмыстары аясында ұсынылады. Баршаңызды жабайы жануарларға құрметпен қарап, олардың табиғи тіршілігіне кедергі келтірмеуге шақырамыз.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қоры аумағында өрттің алдын алу мақсатында минералды жолақтарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар орман өрттерінің таралу қаупін азайтып, табиғат байлығын сақтауға бағытталған. Табиғатты бірге қорғайық! Әрқайсымыздың жауапкершілігіміз – жасыл әлемді сақтау. #СайрамӨгем #МҰТП #ТабиғаттыҚорғау #ӨрттіңАлдынАлу #Орман #Экология #Kazakhstan #
№14 Айбек атындағы жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың сәуір айында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өсімдіктері, жануарлары және табиғаты тақырыбында сурет салу мен қолөнер жұмыстарының конкурсы өтті Оқушылар байқауға белсенді қатысып, парктің әсем табиғатын, сирек кездесетін өсімдіктері мен жануарларын шығармашылықпен бейнеледі. Әрбір жұмыс табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты айқын көрсетті Шараның мақсаты – жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру және туған өлкенің табиғи байлығын таныту. Үздік жұмыстар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды
#ПарктерШеруі2026 #СайрамӨгем #ТабиғаттыҚорғайық #ЖасСуретшілер #Экобілім МектепӨмірі
Мектеп жасындағы жасөспірімдерді туған жер табиғатын аялап, сақтауға үйрету, олардың экологиялық білімдерін жетілдіру, орман шаруашылығы жөніндегі практикалық жұмыстарға дағдыландыру, еңбекке баулу мақсатында «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында И. Рыбалко атындағы жалпы білім беретін мектебінде мемлекет басшысының тапсырмасына орай «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы 25сәуір күні ұйымдастырылды. Іс-шара аудандық денгейде өткізілді. Іс-шара барысында мектеп ауласына Ұлттық парк тарапынан бөлінген:
10 дана шынар
10 дана жай арша
10 дана боз арша
10 дана қарағай барлығы 40 дана ағаш көшеттері отырғызылды.
Мектеп оқушылары мен ұстаздары ағаш көшеттерін егуге белсене атсалысты. Әр сыныпқа бөлінген арнайы орындарға ағаш көшеттері отырғызылып, алдағы уақытта отырғызылған көшеттер күтімі мектеп оқушыларына жүктелді. Авторы: Сайрам-Өгем МҰТП, Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің рекреация және туризм инженері-А.Қалдыбаева.
Бүгін, 24.04.2026 ж., «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сайрам-Өгем МҰТП қызметкерлері, Мирас университетінің 50 студенті және 4 оқытушысы ұлттық парктің Төлеби филиалындағы Сайрамсу аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар арқылы қоршаған ортаны таза сақтауға өз үлесімізді қосамыз #ТазаҚазақстан #СайрамӨгем #МирасУниверситеті #Экология #Тазалық