
«Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күні» Бүгін табиғатты аялау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында С.Рахымов атындағы әскери колледжімен бірлесе ағаш отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылды. Игі шара барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып, болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза Қазақстанды қалдыруға бағытталған маңызды қадам жасады. Табиғатқа жанашырлық – әрбір азаматтың борышы! Бірге әрекет етейік, бірге көркейтейік! #ТазаҚазақстан #АғашОтырғызу #ЖасылЕл #Экология #ТабиғаттыҚорғау
«Таза Қазақстан – болашақ кепілі» 13.04.2026 ж. «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық» колледжі «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында Экологиялық білім күніне орай ұлттық парк қызметкерлері Агронамия және Орман шаруашылығы мамандықтарының 1–2 курс студенттеріне арналған танымдық лекция-семинар өткізді. Іс-шара қалалық деңгейде ұйымдастырылды. Семинар барысында: Ұлттық парктің тыныс-тіршілігі Туристік бағыттар «Парктер шеруі» акциясының маңызы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы кеңінен таныстырылып, жастар табиғатты қорғауға белсенді қатысуға шақырылды. Іс-шараға: 50 студент 10 профессор-оқытушы қатысып, өзара пікір алмасып, қызықты сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар қатысушыларға буклеттер мен үнпарақтар таратылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ғылыми бөлім тарапынан Қызыл кітапқа енген және эндемик өсімдіктер, сондай-ақ жануарлар әлемі туралы құнды ақпараттар берілді. Студенттер алдағы уақытта ғылыми тәжірибе мен практика жұмыстарын бірлесе жүргізуге шақырылды. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!
2026 жылға жоспарланған ағаш отырғызу жұмыстары ұлттық парктің Төлеби филиалында жүргізілді. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары егілген орман екпелеріне толықтыру жұмыстары Түлкібас және Төлеби филиалдарында жүзеге асырылды. Орман екпелеріне пайдаланылған ағаш көшеттері филиалдардың уақытша тұқымбақтарында дайындалып қолданылды.