Орман мен жануарлар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Түркістан облысы жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 52 қаулысымен Өгем, Төле би, Түлкібас ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелерін қосу жолымен құрылды.
Парктің негізгі мақсаты - әдеттегі және бірегей Батыс Тянь-Шаньның ландшафтарын табиғи түрде сақтау, табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін, табиғи қорғалатын, экологиялық ағартушылық, ғылыми, туристік мақсатта бар ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және демалыс құндылықтарды сақтау. Парк аумағының жалпы ауданы - 149053 га, қорғалатын аймақ ауданы 27000 га.
Парк ауданы 3 ауданды қамтиды: Түркістан облысы – Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандары. Объектінің Батыс Тянь-Шаньның солтүстік-шығыс бөлігі, сондай-ақ Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемі ұсынылған. Парк географиялық жағынан солтүстігінен оңтүстікке созылған үш кластерлі учаскемен сипатталған.
Боралдайтау учаскесі – учаскенің солтүстік шекарасы Жамбыл облысының шекарасымен өтеді, шығыс, батыс және оңтүстік шекаралары – Қайыршоқты, Қанау және Көкбұлақ орман бақтарының шекаралары арқылы өтеді.
Ерсу-Дәубаба учаскесі – солтүстік шекарасы Дәубаба және Машат өзендерінің алаптарының арасындағы сумен бөлініп тұрған жота арқылы өтеді, батысы – Ақсай қыстағына қарай Сеславино поселкесінен жол бойымен, шығысы – Түлкібас –Раевка жолымен өтеді. Оңтүстік шекара – каньонды қоса Машат өзенінің каньоны бойымен.
Сайрам - Өгем учаскесі – солтүстік шекара Ақсу Жабағлы қорығымен шекаралас, шығыс және оңтүстік-шығыс шекаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен өтеді, батыс шекара құздар мен Қаржантау жотасының баурайы және Өгем жотасының солтүстік - батыс бөлігімен өтеді, шекараның жалпы ұзақтығы парк учаскелерінің периметрі бойынша солтүстіктен оңтүстікке дейін – 135 км.