
Сайрамсу шатқалы – табиғаттың сұлулық символы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің інжу-маржаны саналатын Сайрамсу шатқалы өзінің әсем табиғатымен, мөлдір тау өзенімен, биік жартастарымен және көз тартар көріністерімен ерекшеленеді. Шатқалдың таза ауасы мен көркем ландшафты табиғат сүйер қауымға ерекше әсер сыйлап, демалуға және табиғатпен үндесуге тамаша мүмкіндік береді. Мұнда әр мезгілдің өзіндік сұлулығы бар: көктемде гүлге оранса, жазда жасыл желекке бөленіп, күзде алтын түске енеді. Табиғаттың осы бір ғажайып сыйын бірге сақтайық! Демалыс барысында тазалықты сақтап, қоқысты арнайы орындарға тастап, табиғатқа жанашырлық танытайық. Сайрамсу шатқалы – сұлулық пен тыныштықтың мекені! Авторы: Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің- туризм және рекреация инженері Е.Танкеев #СайрамӨгем #СайрамсуШатқалы #ТазаҚазақстан #ТабиғаттыАяла #ҰлттықПарк KazakhstanNature EcoTourism
Сайрам-Өгем МҰТП-ң қызметкерлері Машат шатқалында мектеп оқушылары арасында өткізілген “Менің Отаным-Қазақстан” туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің қалалық кезеңінде қазылар алқасының құрамында болып,белсенділік танытып,үлес қосып қайтты.
Экскурсия барысында студенттерге Ұлттық парктің тыныс-тіршілігі, табиғатты қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, студенттер Сайрамсу шатқалының әсем табиғатымен танысып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы жөнінде пайдалы ақпараттар алды. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті! #ПарктерШеруі2026 #ТазаҚазақстан #СайрамӨгем #Экология #ТабиғаттыАяла #Сайрамсу #ҰлттықПарк
Ұлттық парктің Төлеби,Өгем филиалдарында тұрмыстық қалдықтарды жинап,арнайы палигонға шығару жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Айналым инспекторлары табиғат тазалығын сақтау мақсатында күнделікті тазалық жұмыстарын атқарып келеді. Алайда кейбір демалушылардың қоқысты өзімен алып кетпеуі-атқарылған адал еңбектің нәтижесін жоққа шығаруда Табиғатты таза сақтау-баршамызға ортақ міндет!Демалған орныңызды таза қалдырып,қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайық!
Қарақұрт еліміздің оңтүстік аудандарында көп мекендейді. Қарақұрт (лат. Latrodectus tredecimguttatus) - улы өрмекші тәрізділер тұқымдасына жатады. Толық жетілген ұрғашы қарақұрттың, (10-20 мм) қара, ал жетілмеген ұрғашысы мен аталықтарының, (4-7 мм) денесінде қызыл дақтары болады. Көздері күндізде түндеде бірдей көреді. Ұрғашы қарақұрт ұясын жерге салады, оның айналасына тор тоқып, жәндіктермен қоректенеді. Өрмектен жасалған піләдағы, (5-12) жұмыртқалары, (1200-2000) қыстап, көктемде жас қарақұрттар шығып, 6 рет түлеп, маусымда толық жетілген ұрғашы қарақұрттарға айналады. Улы бездері кеуде-бас қуысына орналасып, өзекше арқылы хелицермен жалғасқан. Ақзаттан тұратын у өте күшті нейротроптық у. Адамдарды қатты уландырып, кейде өлімге дейін жеткізеді.
Денесі шағын (ұрғашысының тұрқы 10 – 20 мм, еркегі 4 – 7 мм), түсі қара, құрсағында қызыл дақтары бар. Қарақұрттар өте өсімтал: шілдеде 100 – 700 жұмыртқа салып, оларды пілләсімен қорғауға алады. Жұмыртқадан шыққан өрмекшілер пілләда қыстап, келесі жылы сәуірде жан-жаққа тарайды. Әсіресе ұрғашы Қарақұрттың уы адам мен малға өте қауіпті. Қарақұрт шаққан жерде қызыл дақ пайда болады, сәл уақыттан соң білінбей кетеді. Қарақұрт шаққан адамның 10 – 15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты ауырады, аяқтарының жаны кетіп, құрысып қалады. Ол шаққан кезде адамның бүкіл тұла бойы ауырады, аяқ- қол еттері тартылады, қалтырап-дірілдеп тоңғандай болады да артынша денесінің ыстығы көтеріледі, ісініп терлейді. Қатты терлеп, ентігеді, дем алысы нашарлайды. Өкпесі ісінеді, жүрек соғысы жиілейді, тамыр соғысы әлсірейді, көзінің қарашығы үлкейеді. Сілекейі шұбырып, тілі аузына сыймайды. Көзінен жас ағады. Қан қысымы көтеріледі. Дер кезінде жедел жәрдем көрсетілмесе, уланған адам 1 – 2 күннен кейін өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ Қарақұрт шаққан жерді сол сәтінде сіріңкемен күйдіріп жіберу керек.