
Болашақ экологтарға Сайрам-Өгем МҰТП-не экскурсия ұйымдастырылды 2026 жылдың 28 мамыр күні сағат 10:00-де «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ-ның 6В05202 – Экология білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері үшін өндірістік тәжірибе аясында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде танымдық экскурсия өткізілді. Экскурсияға жалпы саны 57 студент пен 3 тәжірибе жетекшісі қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық парктің табиғи ерекшеліктерімен, биоалуантүрлілігімен, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарымен және экотуризм мүмкіндіктерімен танысты. Экскурсияны Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің экскурсоводы А. Тастанбеков жүргізіп, студенттерге ұлттық парктің табиғи байлығы мен оны сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты мәлімет берді. Осындай танымдық іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Сайрамсу шатқалы – табиғаттың сұлулық символы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің інжу-маржаны саналатын Сайрамсу шатқалы өзінің әсем табиғатымен, мөлдір тау өзенімен, биік жартастарымен және көз тартар көріністерімен ерекшеленеді. Шатқалдың таза ауасы мен көркем ландшафты табиғат сүйер қауымға ерекше әсер сыйлап, демалуға және табиғатпен үндесуге тамаша мүмкіндік береді. Мұнда әр мезгілдің өзіндік сұлулығы бар: көктемде гүлге оранса, жазда жасыл желекке бөленіп, күзде алтын түске енеді. Табиғаттың осы бір ғажайып сыйын бірге сақтайық! Демалыс барысында тазалықты сақтап, қоқысты арнайы орындарға тастап, табиғатқа жанашырлық танытайық. Сайрамсу шатқалы – сұлулық пен тыныштықтың мекені! Авторы: Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің- туризм және рекреация инженері Е.Танкеев #СайрамӨгем #СайрамсуШатқалы #ТазаҚазақстан #ТабиғаттыАяла #ҰлттықПарк KazakhstanNature EcoTourism
ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ел аумағында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында 20 мамыр күні ұлттық парктің Түлкібас филиалына қарасты Балықты көл демалыс орнында ауқымды тазалық іс-шарасы өтті. Іс-шараға Шымкент медицина университетінің 4 курс студенттері — болашақ дәрігерлер мен парк қызметкерлері қатысып, көл жағалауы мен демалыс орындарын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, Балықты көл маңындағы бұлақ көздері ашылып, айналасы ретке келтірілді. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау — әрбір азаматтың басты міндеті. Табиғатқа жанашырлық танытып, демалыс орындарының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бұл шараның маңызы зор. Көл жағалауында жиналған тұрмыстық қалдықтар су бетіне түсіп, тастар мен ағаш түптеріне жиналып, табиғат тазалығына кері әсерін тигізуде. Сондықтан мұндай экологиялық іс-шаралар қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамның мәдениеті мен табиғатқа деген жанашырлығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Табиғатты таза сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз! #ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #СайрамӨгем #ТабиғаттыАяла #Экология #Тазалық #БалықтыКөл
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес ел аумағында өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 2026 жылдың 18 мамыр күні ұлттық парктің Түлкібас филиалының Машат шатқалында кең көлемді тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға парк қызметкерлері, Түркістан көпсалалы агроколледжі студенттері мен оқытушысы қатысып, демалыс орындары мен ұлттық паркке кіреберіс аумақты қоқыстардан тазартты. Ұйымдастырылған шараға 30-ға жуық студент пен ұстаз белсенді атсалысты. Тазалық шарасының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау және парк аумағындағы демалыс орындарының санитарлық жағдайын жақсарту. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, табиғат тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Өкінішке қарай, кейбір демалушылар өздерінен кейін тұрмыстық қалдықтарын жинамай қалдырып жатады. Өзен бойында шашылған пластикалық бөтелкелер, қағаз қалдықтары мен тағам қалдықтары табиғат көркін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Табиғат – баршамызға ортақ байлық. Әр адам демалыстан кейін өз қоқысын жинап кетуді әдетке айналдырса,табиғатымыздың әсем келбеті сақталып, келесі демалушыларға да жағымды орта қалыптасады
5 мамыр күні №30 «Алпамыс» балалар бөбекжайында «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында «Табиғат – біздің анамыз» тақырыбында балалар таңертеңгілігі өтті. Іс-шара Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қолдауымен қалалық деңгейде ұйымдастырылды. Табиғат – адамзаттың тіршілік көзі. Ауа мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер – барлығы да табиғаттың адамға берген баға жетпес сыйы. Осы құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіру, табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Шара барысында балабақша бүлдіршіндері әсем ән шырқап, тамаша билер билеп, табиғат тақырыбындағы әсерлі қойылымдарын ұсынды. Сонымен қатар, тақпақтар айтып, сөзжұмбақтар шешіп, өздерінің табиғаттың бір бөлшегі екенін түсінгендерін көрсетті. Ұлттық парк қызметкерлері балаларға арнайы дайындалған жануарлар әлемі туралы қызықты бейнеролик ұсынды. Іс-шара соңында ұлттық парк қызметкерлері балабақша ұжымына алғыс білдіріп, бүлдіршіндерді бағалы сыйлықтармен, ал ұжым мүшелерін алғыс хаттармен марапаттады. Табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық! #ПарктерШеруі2026 #ТабиғатБіздіңАнамыз #Экобілім #БалаларТәрбиесі
Фототұзақ объективіне іліккен Тау текелері — табиғаттың тылсым тіршілігінен сыр шертетін ерекше сәт. Биік жартастарды еркін мекендейтін бұл жануарлар таулы аймақтың көркі әрі табиғи тепе-теңдіктің маңызды бөлігі болып табылады. Мұндай сирек кадрлар — табиғатты қорғау жұмыстарының нәтижесі мен жануарлар әлемінің байлығын көрсетеді. Жабайы табиғат — өз сұлулығымен әрдайым таңғалдырады.
Фототұзаққа түскен Тянь-Шань қоңыр аюы – табиғаттағы сирек әрі әсерлі көріністердің бірі. Аталған аю түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауды қажет етеді. Соңғы жылдары ұлттық парк аумағында аюлар санының біртіндеп артып келе жатқаны байқалады. Мұндай кадрлар жануарлардың табиғи мінез-құлқын зерттеуге мүмкіндік беріп, биоалуантүрлілікті сақтау жұмыстары үшін маңызды рөл атқарады. Алайда, Тянь-Шань қоңыр аюы жыртқыш жануарлар қатарына жататынын ескерген жөн. Осыған байланысты ұлттық парк қызметкерлері келушілерге табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Бұл ақпарат табиғатты қорғау бағытындағы үгіт-насихат жұмыстары аясында ұсынылады. Баршаңызды жабайы жануарларға құрметпен қарап, олардың табиғи тіршілігіне кедергі келтірмеуге шақырамыз.
«Мөлдір бұлақ» іс-шарасы 21 сәуір күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» іс-шарасы ұйымдастырылып, Түлкібас филиалына қарасты Балықтыкөл жағасында бұлақ көздерін тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды. Ұлттық парк қызметкерлері мен еріктілер көл жағасындағы жер астынан шығып жатқан бұлақ көздерін ашып, тазалап, көлге құятын табиғи су арналарының қалпына келуіне үлес қосты. Айта кетейік, Балықтыкөл негізінен осы бұлақ суларымен толығып отырады. Жалпы іс-шараға 30 адам қатысып, аудандық деңгейде ұйымдастырылды. Табиғатты бірге қорғайық!#ТазаҚазақстан #МөлдірБұлақ #Экология #Түлкібас #Балықтыкөл
Тазқара — ірі жыртқыш құс, көбіне өлексемен (өлі жануарлармен) қоректенетін табиғаттың «тазалаушысы». Жалпы мәлімет: • Тазқаралар Accipitridae тұқымдасына жатады • Қанат жайымы: 2,5–3 метрге дейін жетеді • Салмағы: 6–12 кг шамасында • Түсі көбіне қара, қоңыр немесе сұр болады Таралу аймағы: Еуропа, Азия және Африкада кездеседі. Қазақстанда да бар, әсіресе таулы және шөлейт өңірлерде жиі ұшырасады. Ерекшелігі: • Басы көбіне жалаңаш (қауырсынсыз) — бұл гигиена үшін маңызды • Өте биікте қалықтап ұшады, ауа ағындарын шебер пайдаланады • Көру қабілеті өте жақсы Қорғалуы: Кейбір түрлері сирек кездесетін болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабы тізіміне енгізілген, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқаратын ерекше құс. Көктемгі санақ жұмыстары барысында Зоология институты орнитолог мамандарымен бірлесе жұмыстар жүргізілді. Табиғи ортадағы құстардың саны мен түрлік құрамын анықтау мақсатында жүргізілген бұл жұмыс биоалуантүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады.
Биоалуантүрлілікті сақтау және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша дөңгелек үстел 2026 жылдың 15 сәуір күні «Мирас» университетінің профессор оқытушылар құрамы «Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркі» МҚК-і, А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме мен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық парк қызметкерлері бірлесе Биоалуантүрлілікті сақтау және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
«Таза Қазақстан – болашақ кепілі» 16.04.2026 ж. «С.Рахымов атындағы әскери» колледж «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында 1 курс ұландарына арналған танымдық лекция өткізді. Лекция барысында: Ұлттық парктің тыныс-тіршілігі Туристік бағыттар «Парктер шеруі» акциясының маңызы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы кеңінен таныстырылып, жастар табиғатты қорғауға белсенді қатысуға шақырылды. Іс-шараға: 70 ұлан 6 офицер құрамы қатысып, өзара пікір алмасып, қызықты сұрақтарға жауап алды. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!
Өрт қауіпсіздігі – басты назарда! Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Төлеби филиалы қызметкерлерімен бірлесіп дайындық деңгейін тексерді. Тексеру барысында: Жеке құрамның орман өрттеріне жедел әрекет ету дайындығы бағаланды Өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары және арнайы жабдықтардың жарамдылығы қаралды Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін білу деңгейі пысықталды Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінді Мұндай алдын алу шаралары табиғи аумақтарды өрттен қорғауда маңызды рөл атқарады. Табиғатты сақтайық – қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік! #ӨртҚауіпсіздігі #ТазаҚазақстан #СайрамӨгем #Төлеби #Экология Қауіпсіздік
«Таза Қазақстан – болашақ кепілі» 13.04.2026 ж. «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық» колледжі «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында Экологиялық білім күніне орай ұлттық парк қызметкерлері Агронамия және Орман шаруашылығы мамандықтарының 1–2 курс студенттеріне арналған танымдық лекция-семинар өткізді. Іс-шара қалалық деңгейде ұйымдастырылды. Семинар барысында: Ұлттық парктің тыныс-тіршілігі Туристік бағыттар «Парктер шеруі» акциясының маңызы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы кеңінен таныстырылып, жастар табиғатты қорғауға белсенді қатысуға шақырылды. Іс-шараға: 50 студент 10 профессор-оқытушы қатысып, өзара пікір алмасып, қызықты сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар қатысушыларға буклеттер мен үнпарақтар таратылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ғылыми бөлім тарапынан Қызыл кітапқа енген және эндемик өсімдіктер, сондай-ақ жануарлар әлемі туралы құнды ақпараттар берілді. Студенттер алдағы уақытта ғылыми тәжірибе мен практика жұмыстарын бірлесе жүргізуге шақырылды. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!
Таза Қазақстан” «Парктер шеруі – 2026» акциясы аясында 8 сәуір күні Шымкент қаласындағы №14 Айбек атындағы мектепте танымдық семинар өтті. Ұлттық парк мамандары оқушыларға: – табиғатты қорғау маңызы – биоалуантүрлілікті сақтау – жануарлар мен өсімдіктер әлемі – ғылыми жұмыстар мен туристік бағыттар туралы ақпарат берді. Семинарға 120 оқушы мен 10 ұстаз қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, табиғатты аялауға шақырылды. #ПарктерШеруі2026 #ТазаҚазақстан #Биоалуантүрлілік
ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ел аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және “Парктер шеруі -2026” табиғат қорғау акция аясында 3 сәуір күні ұлттық парктің Төлеби филиалы Сайрамсу шатқалында дирекция,Төлеби, Өгем филиалдарының қызметкерлері бірлесіп бұлақ көзін тазалау мен демалыс орындарында өткізілген тазалық іс-шарасына БАҚ-нан “Turkistan tv” телеарнасы қатысып, телеакөрсетілім жарияланды