
Асқақ шыңдары аспанмен астасқан, мөлдір бұлақтары мен жасыл ормандары көз тартатын Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің таулары – туған жеріміздің мақтанышы.
Әрбір тау шыңы – табиғаттың қайталанбас туындысы, әрбір шатқал – тұнып тұрған тарих пен сұлулық. Мұнда табиғаттың тыныштығы мен әсемдігі ерекше үйлесім тапқан.
Тау табиғатын аялау, оның байлығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Табиғатты аялайық, туған жердің сұлулығын бірге сақтайық!
2026 жылдың 30 қазан күні «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ мен «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ бірлесіп «Туризмнің техникасы мен тактикасы» тақырыбында көшпелі практикалық оқу-жаттығу сабағын өткізді.
Мақсаты: 2026-2027 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес педагог қызметкерлер мен білім алушылар арасында туризмді насихаттау, туристік ептіліктері мен дағдыларын шыңдау, салауатты өмір салтына баулу.
Орман – табиғаттың баға жетпес байлығы, адамзаттың ортақ қазынасы. Ол – тіршілік көзі, таза ауаның кепілі, экологиялық тепе-теңдіктің сақтаушысы. Орманды қорғау, молайту және келер ұрпаққа аманат ету – үлкен жауапкершілікті талап ететін абыройлы міндет. Осы игілікті істің басында табиғаттың тыныс-тіршілігін күзетіп, орманның әрбір талын көзінің қарашығындай қорғайтын орман шаруашылығы қызметкерлері тұр.
Кәсіби мереке – Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында табиғат байлығын қорғау жолында еңбек етіп жүрген барша маманның еңбегіне құрмет білдіреміз.
Орманшының еңбегі сырт көзге қарапайым көрінгенімен, оның артында тынымсыз ізденіс, табандылық пен үлкен жауапкершілік жатыр. Олар орман алқаптарын өрттен, заңсыз ағаш кесуден және түрлі зиянкестерден қорғап, көшет отырғызу, жасыл желекті күтіп-баптау, орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын атқарады. Табиғаттың қыр-сырын терең білетін мамандар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өз міндеттерін адал орындап келеді.
Бүгінде қоршаған ортаны қорғау мәселесі әлемдік деңгейде өзекті болып отыр. Климаттың өзгеруі, құрғақшылық, орман өрттері мен табиғи ресурстардың азаюы орман шаруашылығы саласының маңызын арттыра түсуде. Сондықтан орманды сақтау – тек сала мамандарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Әсіресе, жасыл желекті көбейту, орман алқаптарын қалпына келтіру және табиғатқа жанашыр ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Әрбір отырғызылған көшет – болашаққа жасалған инвестиция, әрбір қорғалған ағаш – келер ұрпаққа қалдырылған аманат.
Орман шаруашылығы саласында еңбек ететін азаматтардың жұмысы үлкен құрметке лайық. Өйткені олар табиғаттың байлығын бүгін үшін ғана емес, ертеңгі ұрпақтың игілігі үшін де сақтап келеді. Олардың маңдай тері мен табанды еңбегінің нәтижесінде орман алқаптары жайқалып, табиғи байлықтарымыздың сақталуына мүмкіндік туып отыр.
Орманды қорғау – болашақты қорғау. Ендеше, табиғаттың жасыл қорғанын күзетіп жүрген барша орман шаруашылығы қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз! Табиғатқа деген жанашырлықтарыңыз бен ел игілігі жолындағы адал қызметтеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, табиғат сақшылары!
Ормандарды молықтыру және орман өсіру инженері Қанат Шәкәрім
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Республика күніне орай табиғатты қорғауға бағытталған игі шара өткізді.
23 қазан күні ұлттық парк қызметкерлері Экология, өлкетану және туризм орталығының мамандарымен бірлесе отырып, №147 орта мектептің аумағында ағаш көшеттерін отырғызды.
Іс-шараның басты мақсаты – туған жердің табиғатын аялау, қоршаған ортаны көгалдандыру және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Әрбір отырғызылған ағаш – болашаққа қосылған үлес, ал табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет!
Тазалық пен табиғатты аялау өзімізден басталады!
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзгі тау көріністері: Қайыңды панорамасы, Түркістан облысының ең биік нүктесі – Сайрам шыңы (4238 м) және бұлтқа оранған «Игла» шыңы (3750 м).
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Республика күні – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамдарын айшықтайтын, ұлттық бірлігіміз бен елдігімізді дәріптейтін маңызды мереке.
Отанымыздың мерейі үстем, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке, елімізге тыныштық пен өркендеу тілейміз!
Туған жеріміздің табиғаты жайқалып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып қала берсін!
Республикамыз жасай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!