Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Сайрам-Өгем МҰТП нің І-ЕҚТА нысаны бойынша
31.12.2020  жылға
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ
          
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын, экологиялық-ағарту, туристік және рекреациялық іс-шараларды орындау

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес 2019 жылғы 5 ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде ағымдағы жылдың 4 тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының аралық есептері бекітіліп, хаттама түзіліп, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жолданды. «Табиғат жылнамасы» кітабы  ереже бойынша бекітіліп,  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жолданды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары 2017-2021 жылдарға арналған.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында 2020 жылы 4 ғылыми мақала жарияланды. Олар:
- Бөлімнің ғылыми қызметкері А.Т.Умирзакованың Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Хабаршысы» ғылыми журнал жинағында (№1 (89) 2020) «Сайрам-Өгем ұлттық табиғи парк аумағында кездесетін қызғалдақтар түрлерінің биоморфологиясы және экологиясы» атты ғылыми мақаласы жарияланды. ISSN 1607-2774. 160-164 б. Семей-2020 (авторлары: Р.К.Жұмаханова, А.Т.Умирзакова, Л.Н.Садыханова, О.А.Алшынбаев).
- Бөлімнің аға ғылыми қызметкері Қ.Қалыбаевтың М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми еңбектері жинағында (№2 (54) 2020) «Тау пісте (Pistacia) өсімдігінің сорттары және оларды күтіп-баптау шаралары» атты ғылыми мақаласы жарияланды. ISSN 2522-4026. ӘОЖ 582.746.66; 133-136 б. Шымкент 2020. (авторлары: О.А.Дәуленов, Г.С.Оспанова, Қ.Р.Қалыбаев).
- Бөлімнің аға ғылыми қызметкері Қ.Қалыбаевтың Оңтүстік Қазақстан ғылым жаршысы жинағында (№2 (10) 2020) «Тау пісте (Pistacia) өсімдігінің зиянкестері мен аурулары және олармен күрес шаралары» атты ғылыми мақаласы жарияланды. ISSN 2616-6429. ӘОЖ 632.9:634.574; 224-230 б. Шымкент 2020. (авторлары: О.А.Дәуленов, Г.С.Оспанова, Қ.Р.Қалыбаев).
- Бөлімнің аға ғылыми қызметкері А.Сапаралының «М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми еңбектері – Научные труды  ЮКГУ им. М.Ауэзова-Transactions of  M.Auezova SKSU»  журналында  «Түркістан облысының аумағында мекендейтін қаттықанаттылардың алуантүрлілігі мен экологиясын зерттеу» атты ғылыми мақаласы жарияланды. ӘОЖ 595-754 (авторлары: Г.Т. Бозшатаева, Ә.С.Сапаралы, Г.С.Оспанова)
2020 жылғы жоспар бойынша 6 ғылыми-техникалық кеңес жоспарланып, 6 отырысы өткізілді. Күн тәртібі жоспарланып, қаулылары шығарылып, хаттамалары түзілді.
Бүкіл әлемде және елімізде таралған Covid-19 індетінің әсерінен конференция мен семинарлар өткізуге шектеулер қойылғандықтан ұлттық парк дирекциясында семинар өткізілмеді.

4.2. Экологиялық-ағартушылық іс-шаралар.
ЭАТ бөлімінің 2020 жылғы атқарған жұмыстарының қысқаша түсіндірмесі

Ұлттық парк дирекциясында 2 музей-келу орталығы жұмыс жасайды. Оған қалалық мектептер мен ЖОО тәлімгерлерінен жалпы – 117 адам келіп танысты.
Парк қызметкерлері аудандық, қалалық мектептер мен ЖОО парк туралы және ЕҚТА болу Ережелері мен ішкі тәртіптері туралы 22 лекция, сонымен қатар 58 рет аудан және қала тұрғындары арасында үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.
Республикалық, облыстық және аудандық газеттер мен журналдарда жарияланған мақалалар саны – 46, телехабарлар – 17.
Таратылған буклеттер мен үнпарақтар саны – 4380 дана.
23 465 адам парк аумағына туристік және рекреациялық мақсатта келіп, олардан жалпы – 34 743,5 мың теңге түсірілді. Оның ішінде: бюджетке – 8052,1 мың теңге, қызмет көрсетуден парктің есепшотына – 26 691,4 мың теңге түсіріліп, оның ішінде жер пайдаланушылардан 19 601,3 мың теңге қаражат түсірілді.

5 – бөлім. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қалпына келтіру, қорғау режимін сактау және қорғау іс-шараларын жүргізу.
есебінің түсіндірмесі.

Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары есептік кезеңде және жалпы жыл басынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін сақтау тәртібін қадағалау және сұғанақтыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу мақсатында барлығы 630 табиғат қорғау іс-шаралары ұйымдастырылды. Оның ішінде тексерулер табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен 12 рет, мемлекеттік шекара қызметкерлерімен 1 рет, «NUR-OTAN» партиясының өкілдері мен 2 рет, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен 1 рет өткізілді.
Бақылау барысында  55 заң бұзушылық анықталды.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғат заңнамасын бұзушылықпен күрес жөніндегі 2020 жылға арналған бірлескен іс-шаралар мен өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандылығын сақтауды қамтамасыз етудің  жоспары  бекітіліп, келісілді.
Ұлттық парктің ОҚО Әкімдігінің 25.04.2006 жылғы № 171 қаулысымен белгіленген күзет аймағында заңсыз аң аулау қағидаларын бұзу бойынша – 2 дерек анықталып, 2 азаматқа әкімшілік іс қозғалып, айғақ зат ретінде 1 дана тор тәркіленіп, жалпы  13255 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 370 бабы 4 бөлігі  яғни ЕҚТА-та заңсыз мал жаю фактісі бойынша – 13 дерек анықталып, 13 азаматқа әкімшілік іс қозғалып, жалпы 387650 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 235677,5 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, 137058,5 теңгесі өндіріліп, қалған 98619 теңгесін өндіру үшін Сайрам аудандық сотына талап-арыз беріліп, сот тарапынан талап арыз қаралып, табиғатқа келтірілген залал заң бұзушыдан мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 370 бабы 4 бөлігі  яғни ЕҚТА-та заңсыз техникалық шикізат жинау фактісі бойынша – 1 дерек анықталып 1 азаматқа әкімшілік іс қозғалып, жалпы 27780 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 5833,8 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы 1 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да заңсыз балық аулау қағидаларын бұзу фактісі бойынша – 2 дерек анықталып 2 жеке тұлғаға 39765 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 380 бабы  бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-дың жекелеген түрлерінде болу тәртібін  бұзу бойынша – 25 дерек анықталып 25 жеке тұлғаға 72228 теңге көлемінде айыппұл салынып,  толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 138 бабы 2 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да арнаулы белгілерді жою фактісі бойынша – 6 дерек анықталып 6 жеке тұлғаға 41670 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 337 бабы 1 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да жерді бүлдіру фактісі бойынша – 1 дерек анықталып 1 жеке тұлғаға 13890 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 41670 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 381-1 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау фактісі бойынша – 2 дерек анықталып 2 жеке тұлғаға сот тарапынан 125010 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 48746,97 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 370 бабы 4 бөлігі  яғни ЕҚТА-та заңсыз дәрілік өсімдіктерді жинау фактісі бойынша – 1 дерек анықталып 1 азаматқа әкімшілік іс қозғалып, жалпы 27780 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 2778 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да заңсыз балық аулау қағидаларын бұзу  фактісі бойынша – 1 дерек анықталып 1 азаматқа Түркістан облысы Қазығұрт аудандық соты арқылы әкімшілік іс қозғалып, жалпы 55560 теңге көлемінде айыппұл салынды. Салынған айыппұлды өндіру жеке сот орындаушылар өндірісінде. 2978 теңгекөлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, өндірілді.
Ұлттық паркке қорғау мақсатында бекітіліп берілген Түркістан облысы Отырар ауданында орналасқан «Темір мемлекеттік табиғи ботаникалық қаумал» аумағында Ерекше қорғалатын табиғи аумақта 5 мамыр 2020 жылы сағат 17:00 шамасында, заңсыз 3,4 гектар жердің қабатын аударып тастаған жеке тұлғаны анықтап, заңға сәйкес шара қолдануға Отырар АПБ-не іс құжаттар жинақталып, тапсырылған. Жолданған іс құжаттар Отырар АПБ-нің кіріс бөліміне 06.05.2020 жылы №211 санымен тіркелген. Аударылып тасталған жер Ерекеше қорғалатын табиғи аумақ «Темір мемлекеттік табиғи ботаникалық қаумал» аумағында орналасқан және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің 3 шілде 2008 жылғы №197 бұйрығы бойынша бекітілген паспорты мен сызба картасына сәйкес ешқандай жеке тұлғаға немесе шаруа қожалықтарға берілмеген. Аталған жер Түркістан облысы биологиялық сан алуан түрлі өсімдіктерін оның ішінде ҚР Қызыл кітабына енген Дермене өсімдігі мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне» бекітіліп берілген. Темір ботаникалық қаумал аумағында, яғни аударылған жерде ҚР Қызыл кітабына енген, жойылу қауіпі бар Дермене өсімдігінің өсуіне байланысты ҚР 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 қаулысына сәйкес, Жеке және заңды тұлғалардың жердің барлық санаттарында ҚР Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені, дайындағаны, зақымдағаны немесе жойғаны үшін, мөлшеріне қарамастан, арнайы рұқсатсыз өндірілген, зақымдалған немесе жойылған әрбір шөп тұқымдас өсімдік немесе саңырауқұлақтың жемісті бөлігі үшін 0,5 АЕК көрсетілген. Жалпы 3,4 га аударылған жерде 102 дана Дермене өсімдігінің жойылға ны яғни 141678 теңге (бір жүз қырық бір мың алты жүз жетпіс сегіз) көлемінде табиғатқа залал келтірілгені анықталған.
Жолданған іс материалдарды Отырар АПБ-де СДТБТТ –да тіркелмей қаралып ҚР ҚПК-нің 186 бабының талабына сай 12.05.2020жылы №27-1-108/211-217  хатпен кері қайтарылды.
Кері қайтарылған іс материалдарды заңға сәйкес шешім қабылдау үшін Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына 20.05.2020 жылы №272 шығыс хатпен жолданды. Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасында қаралып, істі қайта қозғауға Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы іс материалдарын  Түркістан облысы Отырар АПБ-не өткізді.
Отырар АПБ-де іс  қаралуда.
Жалпы 3,4 га аударылған жерде 102 дана Дермене өсімдігінің жойылғаны яғни 141678 теңге (бір жүз қырық бір мың алты жүз жетпіс сегіз) көлемінде табиғатқа келтірілген залалды өндіру үшін Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотына талап-арыз берілді.
Барлығы  жыл басынан 54 жеке тұлғаға әкімшілік іс қозғалып 804588 теңге айыппұл салынып, 749028 теңгесі өндіріліп, қалған 55560 теңгесі  жеке сот орындаушылар тарапынан өндірілуде. Табиғатқа жалпы 479362,27 теңге көлемінде  залал келтіріліп,  239065,27 теңгесі өндіріліп, 240297 теңгесін өндіру үшін Сотқа талап-арыз берілді.  
Парк қызметкерлері есепті кезеңде республикалық, облыстық, жергілікті басылым беттерінде барлығы 46 мақала жарияланып, телеарнадан 17 рет көрсетілім берілді.

5.2. Табиғи кешендерді қорғау қалыптастыру іс-шаралары

2020 жылғы өрт қауіпсіздігі іс-шараларын жұргізуде орман қоры жерлерінде 305 км көлемде минералды жолақтар күтіп-бапталып, сонымен қатар 50 км өртке қарсы пайдаланылатын жолдар жөнделді. Орман патологиялық зерттеу 10,0 мың га жерде жүргізілді.
Жалпы ұлттық парк бойынша жыл басынан бері көлемі 130 га жер көлемінде орман аурулары мен зиянкестері анықталып, 84,25 га химиялық әдіспен, 45,75 га механикалық жолмен атқарылды, олардың ошақтары толығымен жойылды. Орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау жұмыстарына 1054,2  мың теңге қаржы  жұмсалды.
Күзгі түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ұлттық парк тұқымбақтарында 33 түрлі ағаш – бұта көшеттерінің жалпы саны 530,3 мың дана болды. Оның ішінде: 362,6 мың дана екпе, 157,2 мың дана тікпе көшеттер. Күзгі түгендеуден кейін 24,3 мың дана көшет сыртқа сатылып 2021 жылдың 1 қаңтарына ұлттық парк филиалдарының тұқымбақтарында 515,5 мың дана көшет қалды. Оның 362,5 мың данасы сеппе, 153,0 мың данасы тікпе көшеттер. 
Есепті кезеңде орманның табиғи жаңаруына ықпал ету жұмыстары 13 га жер көлемінде жүргізілді. Осы жұмыстарға 155,7 мың теңге қаржы жұмсалды.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша 22,9 га – 184,94 текше метр , оның 3,5 га 30,13 санитарлық кесулерге, ал 19,4 га жерде 154,81 текше/метр (реконструкция) жаңа бау егу жобасы бойынша рұқсат алынып толығымен игерлді.

 

 

Бас маман                                                   С. Жолдықараев


Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.