
ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ел аумағында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында 20 мамыр күні ұлттық парктің Түлкібас филиалына қарасты Балықты көл демалыс орнында ауқымды тазалық іс-шарасы өтті. Іс-шараға Шымкент медицина университетінің 4 курс студенттері — болашақ дәрігерлер мен парк қызметкерлері қатысып, көл жағалауы мен демалыс орындарын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, Балықты көл маңындағы бұлақ көздері ашылып, айналасы ретке келтірілді. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау — әрбір азаматтың басты міндеті. Табиғатқа жанашырлық танытып, демалыс орындарының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бұл шараның маңызы зор. Көл жағалауында жиналған тұрмыстық қалдықтар су бетіне түсіп, тастар мен ағаш түптеріне жиналып, табиғат тазалығына кері әсерін тигізуде. Сондықтан мұндай экологиялық іс-шаралар қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамның мәдениеті мен табиғатқа деген жанашырлығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Табиғатты таза сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз! #ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #СайрамӨгем #ТабиғаттыАяла #Экология #Тазалық #БалықтыКөл
Таза табиғат – болашақ ұрпаққа аманат. Әр адам қоршаған ортаны таза ұстауға жауапты. Табиғатты аялау – туған жерге деген құрметтің белгісі. Қоқысты бей-берекет тастамай, айналамызды таза ұстасақ, еліміздің көркі арта түседі. Тазалық – мәдениеттің айнасы. Сондықтан әрқайсымыз тазалықты өзімізден бастап, табиғатты қорғауға үлес қосайық! Табиғат сүйер қауым,елім-жерім дейтін саналы ұрпақ,болашақ үшін жақсылық жасап жарысайық,өз қоқысыңды өзіңмен ала кет!!!
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес ел аумағында өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 2026 жылдың 18 мамыр күні ұлттық парктің Түлкібас филиалының Машат шатқалында кең көлемді тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға парк қызметкерлері, Түркістан көпсалалы агроколледжі студенттері мен оқытушысы қатысып, демалыс орындары мен ұлттық паркке кіреберіс аумақты қоқыстардан тазартты. Ұйымдастырылған шараға 30-ға жуық студент пен ұстаз белсенді атсалысты. Тазалық шарасының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау және парк аумағындағы демалыс орындарының санитарлық жағдайын жақсарту. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, табиғат тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Өкінішке қарай, кейбір демалушылар өздерінен кейін тұрмыстық қалдықтарын жинамай қалдырып жатады. Өзен бойында шашылған пластикалық бөтелкелер, қағаз қалдықтары мен тағам қалдықтары табиғат көркін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Табиғат – баршамызға ортақ байлық. Әр адам демалыстан кейін өз қоқысын жинап кетуді әдетке айналдырса,табиғатымыздың әсем келбеті сақталып, келесі демалушыларға да жағымды орта қалыптасады
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері демалыс күндері келушілер мен демалушыларға табиғатты қорғау бағытында үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Табиғат аясында демалу мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және табиғи байлықтарды қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Табиғатты аялау – болашаққа деген қамқорлық! #СайрамӨгем #ҰлттықПарк #ТабиғаттыҚорғайық #Экология #ТазаТабиғат #ПарктерШеруі2026