Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Күз айлары мен қыс мезгілінде табиғаттағы жануарлар мен құстарға қорек табу қиындай түседі. Осыған байланысты ұлттық парк қызметкерлері аң-құстарды қолдау мақсатында үстеме қоректендіру жұмыстарын жүргізеді. 
 
Қызметкерлер ұлттық парк аумағына жем, тұз, астық және басқа да азық түрлерін орналастырып, жабайы жануарлардың қысқы маусымды аман-есен өткеруіне жағдай жасауда. ❄️
 
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың борышымыз! ??
 
#табиғат #қорық #ұлттықпарк #аңқұс #экология #табиғаттықорғау #жабайытабиғат

 3010

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.