Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің сұғанақтыққа қарсы күрес бойынша 2020 жылдың жедел мәліметінің түсіндірмесі.

Парктегі 100 мемлекеттік инспекторлардың және басқа қызметкерлердің қатысуымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін сақтау тәртібін қадағалау және сұғанақтыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қызметтік 30 дана Байкал-442 тапаншалары мен 5 дана ОП СКС карабиндері
мен, 13 патрульдік автокөліктермен, 3 өрт сөндіру автокөліктерімен, 52 қызметтік мініс аттармен және нысанды киіммен, радиобайланыс құралдары - 7 дана тұрақты радиостанция, 23 дана мобильдік және 68 дана қол рациясымен қамтамасыз етілген.
Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары есептік кезеңде және жалпы жыл басынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін сақтау тәртібін қадағалау және сұғанақтыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу мақсатында барлығы 630 табиғат қорғау іс-шаралары ұйымдастырылды. Оның ішінде тексерулер табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен 12 рет, мемлекеттік шекара қызметкерлерімен 1 рет, «NUR-OTAN» партиясының өкілдері мен 2 рет, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен 1 рет өткізілді.
Бақылау барысында  55 заң бұзушылық анықталды.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғат заңнамасын бұзушылықпен күрес жөніндегі 2020 жылға арналған бірлескен іс-шаралар мен өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандылығын сақтауды қамтамасыз етудің  жоспары  бекітіліп, келісілді.
Ұлттық парктің ОҚО Әкімдігінің 25.04.2006 жылғы № 171 қаулысымен белгіленген күзет аймағында заңсыз аң аулау қағидаларын бұзу бойынша – 2 дерек анықталып, 2 азаматқа әкімшілік іс қозғалып, айғақ зат ретінде 1 дана тор тәркіленіп, жалпы  13255 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 370 бабы 4 бөлігі  яғни ЕҚТА-та заңсыз мал жаю фактісі бойынша – 13 дерек анықталып, 13 азаматқа әкімшілік іс қозғалып, жалпы 387650 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 235677,5 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, 137058,5 теңгесі өндіріліп, қалған 98619 теңгесін өндіру үшін Сайрам аудандық сотына талап-арыз беріліп, сот тарапынан талап арыз қаралып, табиғатқа келтірілген залал заң бұзушыдан мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 370 бабы 4 бөлігі  яғни ЕҚТА-та заңсыз техникалық шикізат жинау фактісі бойынша – 1 дерек анықталып 1 азаматқа әкімшілік іс қозғалып, жалпы 27780 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 5833,8 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы 1 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да заңсыз балық аулау қағидаларын бұзу фактісі бойынша – 2 дерек анықталып 2 жеке тұлғаға 39765 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 380 бабы  бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-дың жекелеген түрлерінде болу тәртібін  бұзу бойынша – 25 дерек анықталып 25 жеке тұлғаға 72228 теңге көлемінде айыппұл салынып,  толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 138 бабы 2 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да арнаулы белгілерді жою фактісі бойынша – 6 дерек анықталып 6 жеке тұлғаға 41670 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 337 бабы 1 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да жерді бүлдіру фактісі бойынша – 1 дерек анықталып 1 жеке тұлғаға 13890 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 41670 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 381-1 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау фактісі бойынша – Төлеби филиалының Сайрамсу шатқалында 1 дерек анықталып 1 жеке тұлғаға 3 дана үшқат ағашын заңсыз кескені үшін 41670 теңге айыппұл салынып, табиғатқа 8334 теңге залал келтіргені үшін талап арыз берілді. Сонымен қатар Төлеби филиалының Тұрбаза шатқалында сот тарапынан 125010 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 48746,97 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 370 бабы 4 бөлігі  яғни ЕҚТА-та заңсыз дәрілік өсімдіктерді жинау фактісі бойынша – 1 дерек анықталып 1 азаматқа әкімшілік іс қозғалып, жалпы 27780 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 2778 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, толығымен өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да заңсыз балық аулау қағидаларын бұзу  фактісі бойынша – 1 дерек анықталып 1 азаматқа Түркістан облысы Қазығұрт аудандық соты арқылы әкімшілік іс қозғалып, жалпы 55560 теңге көлемінде айыппұл салынды. Салынған айыппұлды өндіру жеке сот орындаушылар өндірісінде. 2978 теңгекөлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, өндірілді.
Ұлттық паркке қорғау мақсатында бекітіліп берілген Түркістан облысы Отырар ауданында орналасқан «Темір мемлекеттік табиғи ботаникалық қаумал» аумағында Ерекше қорғалатын табиғи аумақта 5 мамыр 2020 жылы сағат 17:00 шамасында, заңсыз 3,4 гектар жердің қабатын аударып тастаған жеке тұлғаны анықтап, заңға сәйкес шара қолдануға Отырар АПБ-не іс құжаттар жинақталып, тапсырылған. Жолданған іс құжаттар Отырар АПБ-нің кіріс бөліміне 06.05.2020 жылы №211 санымен тіркелген. Аударылып тасталған жер Ерекеше қорғалатын табиғи аумақ «Темір мемлекеттік табиғи ботаникалық қаумал» аумағында орналасқан және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің 3 шілде 2008 жылғы №197 бұйрығы бойынша бекітілген паспорты мен сызба картасына сәйкес ешқандай жеке тұлғаға немесе шаруа қожалықтарға берілмеген. Аталған жер Түркістан облысы биологиялық сан алуан түрлі өсімдіктерін оның ішінде ҚР Қызыл кітабына енген Дермене өсімдігі мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне» бекітіліп берілген. Темір ботаникалық қаумал аумағында, яғни аударылған жерде ҚР Қызыл кітабына енген, жойылу қауіпі бар Дермене өсімдігінің өсуіне байланысты ҚР 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 қаулысына сәйкес, Жеке және заңды тұлғалардың жердің барлық санаттарында ҚР Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені, дайындағаны, зақымдағаны немесе жойғаны үшін, мөлшеріне қарамастан, арнайы рұқсатсыз өндірілген, зақымдалған немесе жойылған әрбір шөп тұқымдас өсімдік немесе саңырауқұлақтың жемісті бөлігі үшін 0,5 АЕК көрсетілген. Жалпы 3,4 га аударылған жерде 102 дана Дермене өсімдігінің жойылға ны яғни 141678 теңге (бір жүз қырық бір мың алты жүз жетпіс сегіз) көлемінде табиғатқа залал келтірілгені анықталған.
Жолданған іс материалдарды Отырар АПБ-де СДТБТТ –да тіркелмей қаралып ҚР ҚПК-нің 186 бабының талабына сай 12.05.2020жылы №27-1-108/211-217  хатпен кері қайтарылды.
Кері қайтарылған іс материалдарды заңға сәйкес шешім қабылдау үшін Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына 20.05.2020 жылы №272 шығыс хатпен жолданды. Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасында қаралып, істі қайта қозғауға Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы іс материалдарын  Түркістан облысы Отырар АПБ-не өткізді.
Отырар АПБ-де іс  қаралуда.
Жалпы 3,4 га аударылған жерде 102 дана Дермене өсімдігінің жойылғаны яғни 141678 теңге (бір жүз қырық бір мың алты жүз жетпіс сегіз) көлемінде табиғатқа келтірілген залалды өндіру үшін Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотына талап-арыз берілді.
Барлығы  жыл басынан 54 жеке тұлғаға әкімшілік іс қозғалып 804588 теңге айыппұл салынып, 749028 теңгесі өндіріліп, қалған 55560 теңгесі  жеке сот орындаушылар тарапынан өндірілуде. Табиғатқа жалпы 479362,27 теңге көлемінде  залал келтіріліп,  239065,27 теңгесі өндіріліп, 240297 теңгесін өндіру үшін Сотқа талап-арыз берілді.   
2019 жылы орын алған заңсыз аңшылық бойынша 2 азаматқа сот арқылы 353500 теңге айыппұл салынып, қазіргі таңға дейін сот арқылы 2 азаматқа салынған айыппұлдың мәжбүрлі түрде 1 азаматынан 176750 теңгесі  2020 жылы өндірілді. 
Парк қызметкерлері есепті кезеңде республикалық, облыстық, жергілікті басылым беттерінде барлығы 46 мақала жарияланып, телеарнадан 17 рет көрсетілім берілді.

Табиғи кешендерді қорғау
бөлімінің бас маманы:                                       Д.Қадыр

 


Жыл басынан 2010 жылдың 5 айында Парк аумағында 50 га жерде орман өсімдіктері отырғызылды. Орман питомниктерінен жеке және заңды тұлғаларға ағаш бұта көшеттерінің түрлерінен саны 40,7 дана берілді. 55 км көлемінде өртке қарсы минжолақтар орнатылды. Парк аумағымен шекараласатын ауыл шаруашылық құрылымдарға өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша 25 ескерту берілді. Газет беттерінде 17 мақала жарық көрді, қорғалатын аймақты, парк аумағын және табиғат байлықтарын қорғау бойынша 2009 жылы 18  бұзушылық анықталды. Оның ішінде аң аулау ережесін бұзу бойынша – 4 жағдай, рұқсатсыз парк аумағында болу - 10 жағдай, малды билетсіз өріске жаю – 4 жағдай, табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес 15 азаматқа 43,5 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды, барлығы өндіріп алынды.

Табиғатқа залалы үшін заң бұзушыларға 1 млн. 84 мың теңгеге талап-арыз жасалып оны сот арқылы өндіріп алу бойынша шаралар қабылданды. 2010 жылғы 6 айда ұлттық парк аумағында ООПТ режимін бұзудың 10 жағдайы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 10 адам тартылды және 24021 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынып, өндіріп алынды. 1413 теңгеге талап арыз жасалып, ол да толығымен өндіріліп алынды.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.