Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің
І-ші жарты жылдық есебі:
ЭАТ бөлімінің қаңтар айында атқарылған жұмыстары:
• 2010 жылдың жылдық есебі дайындалып, Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетіне жіберілді.
• Ұлттық парктің барлық жыл мезгілдерін қамтитын фотоальбом жасалды және Комитетке жіберілді.
• «Парктер шеруі – 2010» табиғат қорғау акциясына 4 түрлі үнпарақ және 4 түрлі күнтізбелер өңделіп, шығаруға дайындалды.
• 2010 жылдың жылдық жоспары дайындалып, сонымен қатар комитеттің талабына сәйкес медиа жоспар бекітілді
ЭАТ бөлімінің ақпан айында атқарылған жұмыстары:
• Ұлттық паркте музей келу орталығы ашылып, өз жұмысын жүргізе бастады. Оған Сайрам- Өгем МҰТП-ң елтаңбасы бейнеленген жалау мен елтаңба, арнайы сөрелерге тапсырыспен жасатылған сувенирлер және ұлттық паркті мекендейтін аң-құстардың мүсіндері қойылды.
ЭАТ бөлімінің наурыз айында атқарылған жұмыстары:
• «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, мемлекеттік мекемесінен екі маман ұлттық парк дирекциясына тәжіребие алмасу үшін келді. Бөлім мамандары ол кісілерге ұлттық парк жөнінде мәлімет беріп, барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
• «Парктер шеруі» мерекелік акциясының жоспары 2010 жылы 19 наурызда ғылыми-техникалық кеңесте талқыланып бекітілді.
• Экскурсовод Хамидов Ұлықбек 2 жерде атап айтқанда М. Ауезов атындағы мемлекеттік университетінде Туризм кафедрасында және Манап Өтебаев атындағы экономика және заң коледжінде «Парктер шеруі» туралы лекциялар өткізіп, анықтамасын алып келді.
• Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас мамандары М. Бердалиев және Қ. Бердиева 20.03.2010. жылғы №14 бұйрығын негізге ала отырып Төлеби филиалына «Парктер шеруі» 2010 акциясы бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу үшін осы жылдың 26-27 наурыз аралығында екі күнге іссапарға шығып келді.
• 27 – наурыз күні Түлкібас филиалының туризм және рекреацияны дамыту саласында Машат орман айналымындағы Самал, Технолог, Яссы демалыс орындарын аралай ағып өтетін Дәубаба, Машат өзендерінің жағасына сәндік ағаштардың 15-дана жас көшеттерін,
Көкбұлақ орман айналымындағы демалыс үйі мен аңшылар үйінің жол жағалауларына 20-дана боз арша және бамбук қамыс өсімдіктері отырғызылды. Түлкібас филиалымен бірлесіп дирекциядан барған 50-адам қысқы қар салмағынан, жел әсерінен сынған ағаштарды және қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізіп, олар сыртқа шығарылды. Демалыс аймағында 15 км. туристік соқпақтар тазартылып, келушілерге арналған 10-дана әжетхана, 3-дана автокөлік тұрағы іске қосылды.
• Парктер шеруі-2010» табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Южный Казахстан» газетінің 85 жылдығына орай газет ұжымы Түлкібас филиалының Машат шытқалына «Экологиялық десант» ұйымдастырып ТББ-дан бастап барлық демылыс орындарын тазалау жұмыстарын жүргізді. ЭАТ бөлімінің бастығы Т. Кенбай газет ұжымына жол-бағдар көрсетіп, парк аумағымен таныстырып қайтты. Бұл «Экологиялық десант» акциясы «Южный Казакстан» газетінде екі бет мақала жарық көрді.
• Наурыз айының 31 жұлдызында Төлеби филиалында Көксәйек ауылындағы орталық тұқымбақта «Парктер шеруі-2010» мерекелік акциясының ашылу салтанаты өтті. Акцияға Төлеби ауданының аппарат басшысы, «НұрОтан» ХДП аудандық филиалы төрағасының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінен – 4 адам, Төлеби аудандық маслихатының 3 – депутаты, аудан ардагерлер кеңесінен – 2 адам, орман шаруашылығы және тыл еңбеккерлерінен – 7 адам, БАҚ өкілдерінен аудандық «Төлеби туы», «Ленгір жаршысы» газеттерінен – 2 адам, облыстық «Қазақстан-Шымкент», «Айғақ» телеарналарынан – 4 адам қатыстырылды. Жалпы акцияға 155 адам қатысты.
• Ұлттық парктің көлдерінің, өзендерінің және басқа мәліметтер сурет түрінде ілінген стенд жасалынып ЭАТ бөліміне ілінді.
ЭАТ бөлімінің сәуір, мамыр, маусым айында атқарылған жұмыстары:
1-сәуірде «Парктер шеру-2010» табиғатты қорғау акциясының шеңберінде дүние жүзілік құстарды қорғау күніне орай ЭАТ бөлімінің мамандары қалалық ЭКО орталықпен және Зообақ ұжымымен бірлесіп бірлесіп зообақтың акт залында «Құстар біздің жосымыз» атты мерекелік іс шара болып өтті.
Бүгінгі күні еліміздің экологиялық жағдайы табиғатты тиімді пайдалану, көркейту, қорғау мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді қажет етеді. Сол себепті ұлттық парктің тапсырысы бойынша «Табиғатты аялайық» атты 1 минуттық видеоролик түсіріліп, Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен сәуір айның бірінші жұлдызынан бастап бір ай бойына «Қазақстан-Щымкент», «Айғақ», және «Отырар» телеарналарынан күніне 3 реттен 9 рет эфирден көрсетіледі.
7 сәуір күні облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, атап айтқанда Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Аксу-Жабағлы және Қаратау табиғи қорықтары бірігіп «Оңтүстік» ақпарат орталығында баспасөз маслихатын өткізді. Баспасөз маслихатына «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жануби Қозоқстан» газеттерінің өкілдері, «Айғақ», «Қазақстан-Шымкент» және «Отрар» телеарналары, «Қазақ радиосы», «Юмакс» радиосы және т.б. БАҚ өкілдері қатысты.
24-ші сәуірінде аудан территориясындағы «Қызыл төбешік» жерінде «Қызғалдақтың - отаны Қазақстан» фестивалінің аясында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Аксу-Жабағлы табиғи қорығы бірлесіп үлкен іс-шара өткізді. Осы шеруге өз мекемесінен 10 қызметкері мен Жабағылы ауылының Әлия Молдағұлова атындағы мектебінің 15-оқушысын арнайы дайындықпен алып келген Ақсу-жабағылы мемлекеттік қорығының директоры- Айтбек Меңғлібеков сөз кезегін алып «Қызғалдақ падишасы-Кауфман» қызғалдағын және табиғат анамыз тарту еткен жер бетіндегі барлық өсімдіктерді корғау жөнінде жалпы түсіңдірме жасады.
Өгем филиалының ұйымдастыруымен сәуір айының 27-і жұлдызында Қазғұрт ауданы, Қазғұрт ауылының орталығындағы Болашақ мектеп гимназиясында «Өзім еккен ағашты-Өзім өсірем» атты іс-шара өткізіліп, онда Сайрам- Өгем МҰТП-нің бас директоры, Жеңіспек Тұрғанов ағамыз, аудан әкімінің орынбасары Г.Тағаева, орман шарауашылығында көп жылдар қызмет істеп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлеріміз С.Тұрбеков, Р. Қаленовтар және де осы мекткптің директоры С.Қалботаев және Қазғұрт тынысы газетінің меншікті тілшісі Қ. Жолдасұлы, мекткеп мұғалімдері мен 350 оқушылары қатысты.
30 сәуір күні Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Парктер шеруі-2010» акциясы аясында қалалық балалар мен Жасөспірімдер орталығымен бірлесіп «Табиғат патшалығы» атты экологиялық іс-шара өткізді. Бұл акцияда балаларды туган жердің табиғатын сүиюге, қоршаған ортаны қорғауға және осы бағытта жұмыс жасап жатқан Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркін таныстыру болатын.
ОҚО Азамматық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаментінің және Сайрам-Өгем МҰТП ұйымдастыруымен 12-ші мамырында ОҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне қарасты «Комсомол көл» алаңында «Орман және дала өрттерінің алдын алу» өрт сөндіру тактикалық оқу-жаттығужиыны өткізілді. Оған, ұйымдастырушылардан бөлек қалалық және облыс көлеміндегі барлық аудандардағы өрт сөндіру бөлімдерімен, ОҚО табиғи ресурстар ж/е табиғат пайдалануды реттеу департаментіне Арыс, Отырар, Түркістан, Шардара және Боралдай мемлекеттік орман қорғауды қарасты мекемелерінен Ұлттық парктің Төлеби филиалынан, Қазығұрт ауыл округіенен ауыл тұрғындары қатысты.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Парктер шеруі - 2010» акциясы аясында мамыр айының 14-і жұлдызында № 27 мектеп - балабақша кешенімен бірлесе отырып «Табиғат – алтын бесік» атты экологиялық іс- шара өткізілді. Акцияны кеңінен таныту үшін бұқаралық ақпарат құралдары, яғни Айғақ телеканалы шақырылды.
19 мамыр күні Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас ғимаратында қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының жас эколоктарына «Парктер шеруі 2010» табиғатты қорғау акциясының негізінде танымдық таныстыру көрмесі ұйымдастырылды.
Сайрам-Өгем МҰТП -нің Түлкібас филиалының Көкбұлақ орман айналымында 2010 жылдың 9 маусымы күні «Парктер шеруі-2010» табиғат қорғау акциясы аясында «Табиғатты аялайық ағайын» атты іс-шара өткізілді.
ЭАТ бөлімінің бас мамандары М. Бердалиев, А. Атанбаев және экскурсовод Е. Алдабергенов 23.06.2010ж бұйрығын негізге ала отырып Төлеби филиалына ТББ-ің және демалыс орындарының жабдықталуын тексеріп демалушылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында 2010 жылдың 25-27 маусым аралығында 3 күнге қызметтік іс сапарға барып қайтты.