2025 жылдың қыркүйек айында Сайрам-Өгем МҰТП орман айналымдарында күзгі түгендеу жұмыстары жүргізілді. Түгендеу жұмыстарының негізгі мақсаты – орман қоры мен отырғызылған көшеттердің нақты санын, жай-күйін және өсіп-жетілу деңгейін анықтау болып табылады.
Түгендеу барысында 2025 жылғы Төлеби филиалы Сайрамсу орманшылығы №1 орман айналымының №2 орамы №2,8 телімдеріндегі отырғызылған мәдени екпелердің көнімділігі төмен көрсеткіш, себебі ауа-райының қолайсыздығынан күннің ыстық болуы, жауын жаумағаннан жалпы көнімділігі – 52,6% құрайтыны анықталды. Төлеби филиалындағы түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 3537 дана көшет есептеншығаруға ұсынылды.
2025 жылы Түлкібас филиалы Дәубаба орманшылығының №37 орамының 10 теліміне 5 га жерге жаңадан орман екпесі жасалған. Орман екпесіне 3х2 ықшамсызбасымен 8330 дана жабайы алма көшеттері егілген. Түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша жалпы орман екпесінің көнімділігі 52,8% болды. Филиалдың түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 4293 дана көшет есептен шығаруға ұсынылды.
2025 жылы Өгем филиалы Өгем орманшылығының №13 айналым №33 орам №90 теліміне 5 га жерге жаңадан орман екпесі жасалған. Орман екпесіне 3х2 ықшамсызбасымен 8330 дана жабайы алма көшеттері егілген. Түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша жалпы орман екпесінің көнімділігі 50,2% болды. Іріктеп ішінара тексеру қорытындысы бойынша орман тұқымбақтарындағы өсіріліп жатқан әртүрлі ағаш көшеттерінің күтіп, баптау жұмыстары тұрақты орындалуы туралы тапсырма берілді.