Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Әсем шөлмасақ — Phlomoides speciosa Rupr. Биіктігі көбіне 20–50 см аралығында өседі, кейде 5–15 см биіктікте де кездеседі. Сабағы түзу, ақ түктермен тығыз қапталған. Жапырақтары жасыл түсті, сопақша-ланцетті пішінді, ал гүлдері ашық сары түспен ерекшеленеді. Табиғаттағы әрбір өсімдік — экожүйенің баға жетпес байлығы. Осындай сирек әрі көркем өсімдіктерді қорғау — баршамыздың міндетіміз. Ақпарат: Ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері- Умирзакова Алима #ӘсемШөлмасақ #PhlomoidesSpeciosa #Табиғат #ӨсімдіктерӘлемі #Экология СайрамӨгем ТабиғаттыҚорғайық

 

Мамыр айының мерекелері қарсаңында Ұлттық парктің - Төлеби, Түлкібас және Өгем филиалдарында үгіт-насихат жұмыстары толығымен жүргізіліп жатыр. Демалушыларға ЕҚТА-та болу ережелерін түсіндіріп, қатаң түрде тазалықты сақтау туралы нұсқаулықтар берілді. Табиғатымызды таза ұстайық! Өртті болдырмайық, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

 

5 мамыр күні №30 «Алпамыс» балалар бөбекжайында «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында «Табиғат – біздің анамыз» тақырыбында балалар таңертеңгілігі өтті. Іс-шара Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қолдауымен қалалық деңгейде ұйымдастырылды. Табиғат – адамзаттың тіршілік көзі. Ауа мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер – барлығы да табиғаттың адамға берген баға жетпес сыйы. Осы құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіру, табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Шара барысында балабақша бүлдіршіндері әсем ән шырқап, тамаша билер билеп, табиғат тақырыбындағы әсерлі қойылымдарын ұсынды. Сонымен қатар, тақпақтар айтып, сөзжұмбақтар шешіп, өздерінің табиғаттың бір бөлшегі екенін түсінгендерін көрсетті. Ұлттық парк қызметкерлері балаларға арнайы дайындалған жануарлар әлемі туралы қызықты бейнеролик ұсынды. Іс-шара соңында ұлттық парк қызметкерлері балабақша ұжымына алғыс білдіріп, бүлдіршіндерді бағалы сыйлықтармен, ал ұжым мүшелерін алғыс хаттармен марапаттады. Табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық! #ПарктерШеруі2026 #ТабиғатБіздіңАнамыз #Экобілім #БалаларТәрбиесі

Фототұзақ объективіне іліккен Тау текелері — табиғаттың тылсым тіршілігінен сыр шертетін ерекше сәт. Биік жартастарды еркін мекендейтін бұл жануарлар таулы аймақтың көркі әрі табиғи тепе-теңдіктің маңызды бөлігі болып табылады. Мұндай сирек кадрлар — табиғатты қорғау жұмыстарының нәтижесі мен жануарлар әлемінің байлығын көрсетеді. Жабайы табиғат — өз сұлулығымен әрдайым таңғалдырады.

 

Ғылым , ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ғ.Жеңісбекұлы және ғылыми қызметкер Ғ.Үсен 28-30.04.2026ж Төлеби филиалындағы фенологиялық алаңдардағы құрылғыларды тексеру мақсатында Табиғат жылнамасы журналына мәліметтердің дұрыс сапалы жазалуын қадағалау мақсатында Сарыайғыр.Сайрамсу.Қасқасу.Біркөлік. Турбаза шатқалдарына іс сапарда болды

    

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.