Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі


Deprecated: Methods with the same name as their class will not be constructors in a future version of PHP; plgContentJw_sig has a deprecated constructor in /var/www/vhosts/bjbb.kz/sugnpp.kz/plugins/content/jw_sig/jw_sig.php on line 18

Қозғалыс түрі – жаяу (альпинистік). Бағыттағы негізгі пунктер: Боралдай тауы –Көкбұлақ кордоны -  Бозторғай өзені. Бағыт ұзақтығы -72 км.

Карта

Бағыт Боралдайтау жотасының оңтүстік – шығыс бөлігімен өтеді.
Бағыт Түлкібас ауданы Пістелі ауылына   (71км) дейін, кейін 4 км Көкбұлақ өзенінің оң жағындағы ауыл жолының бойымен ұлттық парктің кордонына дейін жалғасады. Бағыт кордоннан басталып, Бозторғай жылғасымен солтүстік – шығыс бағытта. Бозторғай шатқалының экологиялық жүйесі – тамаша. Орташа биіктіктер, жоғары орта жылдық температура, құнарлы таулы-қоңыр топырақ және жеткілікті дымқылдық ағаштардың, бұталар мен шөптердің, оның ішінде эндемиялық өсімдіктердің көп көлемде өсуіне жағдай жасайды. Суы жер бетінде біресе көрінетін, біресе жоғалып кетіп жер астында ағатын жылға жанындағы жол бойымен қозғаламыз. Жылға жағаларына тау талы,  Семенов үйеңкісі өскен. Кордоннан 2 км қашықтықта жабайы жүзімнің ерекше түрі өседі. Шатқал беткейлерін долана жауып тұрады, ал жылғаның екі жағынан нағыз пісте, Сиверс алмасы мен Регель алмұрты қалың болып өсіп тұр. Соқпақ жол арнаның біресе оң біресе сол жағамен жүре отырып 1,5 сағаттан кейін жартас астынан ағып тұрған көрікті жер салқын Қарабастау бұлағына әкеледі. Аялдама асуда. Бағыттың жоғары жағында кавказ қаңақасының саны ұлғаяды, ашық қызғылт-сары жемісті эфедра, қызыл шие және итмұрын бұталары кездеседі. Жарты сағаттан кейін негізгі шатқал шығысқа бұрылады.  Бұл жерден Жамбыл облысының Алексеевка поселкесіне әкелетін асу жақысы көрінеді. Құздардың жоғары бөліктерінде жасыл аршалы, Қаратау арқары мен елігінің мекен ететін жері – беткейдің кең учаскелері. Жылғалардан жайра мен борсықтың жолдары жатыр. 1 сағат 15 минуттан кейін жылға шығатын жер. Жамабастау сайына қарсы орналасқан жазыққа шығамыз. Осында түстенуге тоқтаймыз. Түстен кейін жайра індері мен арқарларды сыртынан бақылау алаңдарына шығу. Кейін дәл сол жолмен қайту.


Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/bjbb.kz/sugnpp.kz/modules/mod_menu/helper.php on line 97
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных