1. Ұлттық парк аумағына қалай баруға болады?
Жауабы: Ұлттық парктің дирекциясының мекен-жайы Шымкент қаласы Ғ. Иляев көшесі №24/1
Түлкібас филиалы Балықты көл орман айналымына Шымкент қаласынан 60 км
Төлеби филиалы Сайрамсу орман айналымына Шымкент қаласынан 70-75 км
Өгем филиалы Өгем орманшылығына Шымкент қаласынан 75-80 км.
2. Ұлттық парк демалыс күндері жұмыс жасайма?
Жауабы: Ия, Ұлттық парк демалыс күндері жұмыс жасайды. Қосымша сұрақтар бойынша 87788185987 немесе 8702500422020 нөміріне хабарласа аласыздар.
3. Ұлттық паркте жер пайдалану механизмдері.
Жауабы: Тендерді жариялар, сонымен қатар оны сайтқа және республикалық газетке жариялауӨтініш беру – Арнайы белгіленген орындармен таныстыру – тендерлік құжаттама тапсыру – тендерлік құжаттамаларды бағалау (15 жұмыс күн ішінде) – жеңімпазды анықтау – келісім шартқа қол қою
4. ЕҚТА жерлері жеке меншікке беріледі ме?
Жауабы: ЕҚТА туралы заңның 23-бабына сәйкес Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құқықтық режимі
1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ мемллекеттік табиғи-қорық қорының объектілері орналасқан өзге де санаттардағы жерлердің жер учаскелері мемлекеттік меншікте болады және иеліктен шығаруға жатпайды.
2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде ҚР Үкіметі айқындаған тәртіппен:
1) Ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде ҚР
Мемлекеттік шекарасының объектілерін және қорғаныс мұқтажы үшін объектілерді салу, жайластыру, олардың жұмыс істеуі үшін;
2) Ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде ерекше
стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыс жайларын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;
3) Осы Заңның 84-2-бабының 1-тармағына сәйкес пайдалы қатты
қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;
4) Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылым (жолдар, электр
беру желілері, құбыржолдар) салу үшін ҚР Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол бермейді.
5. Ұлттық парк аумағында аңшылық жасауға қашан рұқсат беріледі?
Жауабы: ҚР Ерекше қолғалатын табиғи аумақтар туралы заңының 47 бабы 7 тармағына ҚР 15.06.2017 №73-VI Заңымен өзгерістер енгізіліп, аң аулауға тиым салынған. Алдағы уақытта аңшылық қандай да түрлеріне қашан рұқсат берілетіні бергісіз.
6. Тариф бойынша төлемақылар.
Жауабы: сайтта тарифтер бөлімінде толық көрсетілген
7. Ұлттық паркке кіру ақысы қайда, қандай мақсатта жұмсалады?
Жауабы: Ұлттық парктің кіру ақысы ұлттық паркке туристік нысандарды алуға (тапшан, киіз үй, беседка, т.б), қызметтік көліктер (мотоцикл, квадроцикл, т.б) алуға, қосымша маусымдық жұмысшылардың айлығына жұмсалады.
8. Ұлттық паркте орман билеті бойынша жайылым пайдалану механизмдері
Жауабы: ҚР АШМ 2015 жылғы 26 қаңтардағы №18-02/40 бұйрығының 3 тармақшасының нысандарында көзделген
9. Орман билеті төлемақылар, қалай есептеледі, қандай заңға сүйенеді?
Жауабы: ҚР Салық Кодексінің (2018 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңы) 587 бабының I-тармағына және ҚР 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14 бабының 2) тармақшасына және Түркістан облыстық маслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/437-VI шешіміне сәйкес
10. ЕҚТА аумағында Туристік және рекреациялық мақсатта жер телімі қалай беріледі?
Жауабы: Өтініш беру – Арнайы белгіленген орындармен таныстыру – тендерлік құжаттама тапсыру – тендерлік құжаттамаларды бағалау (15 жұмыс күн ішінде) – жеңімпазды анықтау – келісім шартқа қол қою
11. Мекеменің негізгі міндеттері.
Жауабы: 1)мемлекеттік табиғи-қорық қорын, биологиялық әр алуандықты, ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығы бар бірегей табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтау;
2) табиғи процестердің дамуын табиғи қалпында зерделеу және экологиялық мониторинг жүргізу;
Мекеме аумағын ғылымды, мәдениетті, оқу-ағарту мен білімді дамыту мақсатында нысаналы және ұтымды пайдалану;
ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде және уәкілетті органмен келісім бойынша бүлінген табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді қалпына келтіру;
осы мақсаттар үшін белгіленген аймақтарда экологиялық туризмді, рекреацияны, шектеулі шаруашылық қызметті үйымдастыру және жүзеге асыру;
экологиялық оку-ағартуды үйымдастыру.
12. Ұлттық парктің аумағынан жер учаскесі туристік және рекреациялық мақсатта неше жылға дейін жалға беріледі. беріледі.
Жауабы: ЕҚТА 46 бабы және ҚР Үкіметінің 2019 7 қазан №746 қаулысына сәйкес 25 жылға ұзақ және 5 жылға қысқа мерзімге беріледі.
13. Ұлттық парк аумағында арнаулы белгілерді жою кезінде, жеке тұлғаларға:
Жауабы: Ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
14. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерінде болу тәртібін бұзу:
Жауабы: Ескерту жасауға немесе екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
15. Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу:
Жауабы: Әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.