Қозғалыс түрі – жаяу, атпен. Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі - Сайрамсу өзен - Сазаната жылғасы - Сілбілі көлі. Сазан ата бастауы. Бағыт ұзақтығы -12 км.
Жол Шымкент қаласынан «Альтекс» СТФ кемпингіне дейін (78 км ) автобуспен шамамен 2 сағаттық жол. Сондықтан кейін қайту жолын таңғы сағат 8 –ден кешіктірмей жүзеге асыру керек.
Бағыт «Альтекс» туркешенінен басталып Сазаната өзенінің кең әрі әсем шатқалының бойымен жалғасады. Тур кешеніне жоғары орналасқан соқпақ жол өзеннің оң жағасымен жалғасады. 1 сағат 40 минуттан кейін Сазан өзенінің екі жоғары тармағының қосылған жеріне келеміз. Шатқалдың солтүстік беткейінде керемет арша орманы, өзен қойнауында қалың қайың орманы өседі.
Аздап демалып қозғалысты оң жағадағы сол тармақ бойымен 35-40 минут жалғастырамыз. Өзенді каньонға 100 м қалғанда кесіп өтеміз. Енді соқпақ жол оңтүстік –шағыс бағытта сол жағалау бойымен жалғасады. 2,5 сағаттан кейін Сілбілі көліне келеміз. Қысқа асуға келіп тоқтаймыз.
Бұдан әрі бағыт гүлгүл жайнаған альпі шалғындарымен өтеді. Оңтүстік бағыттағы жарты сағаттық қозғалыс пен соқпақ дол Сазаната өзенінің оң жақ тармағының жоғарғы жағындағы үлкен бивачная алаңына әкеледі. Осында түнеуге қаламыз.
Петроглиф тобы алаңнан 15 минуттық жүретін жерде. Жылғаның сол жағасында тұр. Аңдар суреті қара тастардың тегіс жағына салынған. Петроглифтерді қарап, фотосуретке түсіру уақытында абай болған жөн, себебі тастар қозғалмалы әрі сырғанақ.
Келесі күні көтерілген жолмен кейін түсеміз.