1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі – ЕҚТА) атауы:
Сайрам-Өгем МҰТП
2. Маршруттың атауы:
Қасқасу өзені – Сусіңген көлі
3. Маршруттың жіктемесі:
1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу жүру, салт атты;
2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық;
3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық;
4. Негізгі географиялық пункттердің атауы:
Қасқасу өзені – Қасқасу кордоны – Қыржалсай өзені – Қыржалсай асуы(т.д.б.2400м) – Үшқарасай өзені – Сусіңген өзені – Сусіңген көлі.Маршрутқа таңғы сағат 10-нан кешікпей Қасқасу кордонынан шығу көзделген, Қасқасу ауылынан Қасқасу кордонына дейінгі қашықтық 12км (кордонға дейінгі 5км далалық жол).Кордонға қарама-қарсы өзеннің үстіндегі көпірден өтіп, Қасқасу мен Қыржалсай өзені бойлап төмен түсеміз. Кең соқпақ Қыржалсай өзенінің оң жағасы арқылы өтеді (өзеннің жағасы ағыстың бағытына қарай анықталады).Шолақсайдың бірінші сағасына 25 минуттан соң жетіп, өзеннің сағасынан өтіп бағытты одан әрі жалғастыру. 3км аралықта өзенді тастар арқылы екі рет кешіп өтуге тура келеді.
Қыржалсай өзені бойындағы өте әсем де көрікті қырлары аршалы орманмен көмкерілген, жабайы алма, долана, бөріқарақат және итмұрын жеміс ағаштары кездеседі.
2 сағаттан соң асуға шығар беттегі кең жазыққа жету. Бұл жерге түскі тамақтану үшін тоқтап, аялдаған жерден 0.5км ұзақтықтықта әдемі сарқыраманы тамашалауға және суретке түсіруге болады.
Содан соң маршрут оңтүстік-батыстағы қырлармен жалғасады. Қырға шығудың бастамасы тастармен белгіленіп қойылған. Бір жарым сағаттан кейін Қыржалсай асуына шығып, Үшқарасай өзенінің оң жағындағы Піскем жуасын бойлай батысқа қарай қозғалу. Бұл жерде бұлақ көздері өте мол орналасқан. Бір жарым сағаттан соң өзеннің оңтүстік жағына жетіп, сол жерде өзеннен өтіп, сол жағымен Сусіңген көліне қарай бет алу. Демалатын орын көлдің оңтүстігінде аршалы аймақта орналасқан.
Сусінген көлі Қаржантау тауының оң жағында теңіз деңгейінен 1900м биіктікте орналасқан. Көлдің көлемі 3,5мың шаршы м. Сусіңген атауы – суы жерге сіңіп кететіндіктен осылай қойылған. Бұлақ суын көлдің батыс және солтүстік бөлігінен 2 жерден алуға болады. Көлде форель-осман балық кездесед Келесі күні балық аулауға және 700 жылдық аршаны тамашалауға болады, сондай-ақ алаңқайдан 2км солтүстікке қарай орналасқан Сусіңген өзеніне келіп құятын сарқырамаға да баруға болады. Үшінші күні тура сол бағыт бойынша қайту.