2020 жылы Сайрам – Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кітапхана қоры -1355 данаға жетті, алдағы уақыттада толықтыру жұмыстары жүргізілетін болады. Кітап қорын ұлттық парк қызметкерлерімен қоса келісім-шартқа отырған мекемелердің студенттері мен қызметкерлері пайдалануда.
2012 жылдан бері гербарий үлгілерін дайындау жалғасып, қазіргі таңда жалпы – 2010 данаға жетті. Омыртқасыз жәндіктердің коллекциясы жыл сайын толықтырылып отырады, анықталған омыртқасыздар саны – 1493 дана, қазіргі таңда коллекциялар саны 792 дана.