Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес ел аумағында өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 2026 жылдың 18 мамыр күні ұлттық парктің Түлкібас филиалының Машат шатқалында кең көлемді тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға парк қызметкерлері, Түркістан көпсалалы агроколледжі студенттері мен оқытушысы қатысып, демалыс орындары мен ұлттық паркке кіреберіс аумақты қоқыстардан тазартты. Ұйымдастырылған шараға 30-ға жуық студент пен ұстаз белсенді атсалысты. Тазалық шарасының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау және парк аумағындағы демалыс орындарының санитарлық жағдайын жақсарту. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, табиғат тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Өкінішке қарай, кейбір демалушылар өздерінен кейін тұрмыстық қалдықтарын жинамай қалдырып жатады. Өзен бойында шашылған пластикалық бөтелкелер, қағаз қалдықтары мен тағам қалдықтары табиғат көркін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Табиғат – баршамызға ортақ байлық. Әр адам демалыстан кейін өз қоқысын жинап кетуді әдетке айналдырса,табиғатымыздың әсем келбеті сақталып, келесі демалушыларға да жағымды орта қалыптасады

 

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері демалыс күндері келушілер мен демалушыларға табиғатты қорғау бағытында үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Табиғат аясында демалу мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және табиғи байлықтарды қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Табиғатты аялау – болашаққа деген қамқорлық! #СайрамӨгем #ҰлттықПарк #ТабиғаттыҚорғайық #Экология #ТазаТабиғат #ПарктерШеруі2026

   

Іс-шараға Шымкент университетінің биология, химия мамандығының студенттері белсенді қатысып, ұлттық парк аумағындағы қоқыстарды жинап, демалыс орындарын тазартты. Акцияның басты мақсаты — табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Осындай игі шаралар жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға тәрбиелейді. Табиғатты таза ұстау — әр азаматтың міндеті. «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай шаралар еліміздің экологиясын жақсартып, болашақ ұрпаққа таза орта қалдыруға үлкен үлес қосады. #ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #Сайрамсу #Экология #ТабиғаттыАяла #ShymkentUniversity #Тазалық #ЖасылҚазақстан

 

Құстар – табиғаттың көркі мен биологиялық тепе-теңдіктің маңызды құрамдас бөлігі. Олар әсем келбеті мен әуезді үні арқылы адамзатқа ерекше әсер сыйлап қана қоймай, қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтауда зор рөл атқарады. Табиғаттағы әрбір құс түрі экожүйенің бір бөлшегі болып саналады.
 
Құстардың табиғаттағы маңызы өте зор. Олар зиянды жәндіктерді жеп, ауыл және орман шаруашылығына пайда келтіреді, өсімдіктердің тұқымын таратуға ықпал етеді және табиғи сұрыпталу үдерісіне қатысады. Сонымен қатар құстар қоршаған ортаның тазалығы мен табиғи ортаның жағдайын көрсететін маңызды биоиндикаторлардың бірі болып табылады.
 
«Жыл құсы» бастамасының маңызы
 
Табиғатты қорғау және құстар дүниесіне қоғам назарын аудару мақсатында жыл сайын белгілі бір құс түрі «Жыл құсы» ретінде таңдалады. Бұл бастама сирек кездесетін, қорғауды қажет ететін немесе экологиялық маңызы жоғары құстарды насихаттауға бағытталған.
 
«Жыл құсы» арқылы халыққа құстың тіршілік ету ортасы, таралу аймағы, экологиялық рөлі мен оған төнетін қауіптер туралы ақпарат беріледі. Мұндай жұмыстар табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға және биоалуантүрлілікті сақтауға ықпал етеді.
 
Қазақстан аумағында да жыл сайын әртүрлі құс түрлері «Жыл құсы» болып жарияланып келеді. Әсіресе сирек кездесетін және саны азайып бара жатқан құстарға ерекше назар аударылады. Бұл олардың популяциясын сақтау мен қорғау шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.
 
Наурызек құсы – көктемнің жаршысы
 
Наурызек құсы – көктем мезгілінің келуін білдіретін ерекше құстардың бірі. Қазақ халқы бұл құсты табиғаттың жаңаруы мен тіршіліктің оянуының белгісі ретінде қабылдаған. Наурыз айында жылы жақтан оралатындықтан, халық арасында «Наурызек» атауымен кеңінен танылған.
 
Наурызек – шағын денелі, ұшқыр әрі өте шапшаң құс. Ол көбіне ашық алқаптарда, су айдындары мен өзен-көл маңында тіршілік етеді. Негізгі қорегі – ұсақ жәндіктер. Осы арқылы ол зиянкестердің санын азайтып, табиғи тепе-теңдіктің сақталуына үлес қосады. Құстың нәзік үні мен ширақ қимылы көктемгі табиғатқа ерекше сән береді.
 
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен қорықтар аумағында наурызек құсын қорғау және оның тіршілік ету ортасын сақтау бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіледі. Көктемгі санақ кезінде құстың таралу аймағы, саны және мінез-құлқы зерттеліп, ғылыми деректер жинақталады. Бұл жұмыстар биоалуантүрлілікті сақтау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға негіз болады.
 
Құстарды қорғау – ортақ міндет
 
Құстарды қорғау – әрбір азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігі. Құстарды сақтау үшін:
 
* құстардың ұясын бұзбау;
* табиғатты ластамау;
* қыс мезгілінде құстарға жем беру;
* сирек кездесетін құстарды ауламау қажет.
 
Осындай қарапайым әрекеттер арқылы табиғатты қорғауға және құстар әлемін сақтауға өз үлесімізді қосуға болады.
 
Қорытынды
 
Құстар – табиғаттың баға жетпес байлығы әрі экожүйенің маңызды бөлігі. «Жыл құсы» бастамасы құстарды қорғау мен табиғатты аялаудың маңызын қоғамға кеңінен насихаттайды. Ал наурызек құсы көктемнің, жаңарудың және табиғаттың жандануын білдіретін ерекше құстардың бірі болып саналады.
 
Табиғатты қорғау – келер ұрпақ алдындағы маңызды міндет. Құстарды сақтау арқылы біз табиғи мұраны болашаққа аман жеткізуге үлес қосамыз. Ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінің Ғылыми қызметкер Усен Ғаламат!
   

Әсем шөлмасақ — Phlomoides speciosa Rupr. Биіктігі көбіне 20–50 см аралығында өседі, кейде 5–15 см биіктікте де кездеседі. Сабағы түзу, ақ түктермен тығыз қапталған. Жапырақтары жасыл түсті, сопақша-ланцетті пішінді, ал гүлдері ашық сары түспен ерекшеленеді. Табиғаттағы әрбір өсімдік — экожүйенің баға жетпес байлығы. Осындай сирек әрі көркем өсімдіктерді қорғау — баршамыздың міндетіміз. Ақпарат: Ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері- Умирзакова Алима #ӘсемШөлмасақ #PhlomoidesSpeciosa #Табиғат #ӨсімдіктерӘлемі #Экология СайрамӨгем ТабиғаттыҚорғайық

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.