Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне кіретін басқару органдарының, күштері мен құралдарының өрт қауіпті кезеңдегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру, сондай-ақ табиғи өрттер мен өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру. Іс-шара барысында күштер мен құралдарды басқару алгоритмдері, мүдделі қызметтердің өзара үйлесімді жұмысы, жедел ақпарат алмасу тәртібі пысықталып, шартты табиғи өртті сөндіру бойынша практикалық іс-шаралар өткізілді.

 

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Қауіпсіз демалыс» атты көшпелі акция ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, ұлттық парк қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Акция барысында демалушыларға табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, өрт қауіпсіздігін сақтау, қоқыс қалдырмау және белгіленген бағыттардан шықпау жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар арнайы жадынамалар таратылып, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

17–23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев жұмыс сапарымен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болды.

Сапар барысында табиғи кешендерді қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау, экологиялық туризмді дамыту және ұлттық парк инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері қаралды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты тиімді басқару, табиғат қорғау заңнамасының сақталуы және өңірдің бірегей экожүйелерін сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелеріне баса назар аударылды.

Жұмыс сапары аясында Д.Тұрғамбаев ұлттық парк құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен танысып, мекеме басшылығы мен қызметкерлерімен жұмыс кездесулерін өткізді. Сонымен қатар парк аумағындағы негізгі табиғи және туристік нысандарды аралады.

Сапар қорытындысы бойынша табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және ұлттық парктің туристік әлеуетін дамыту бағытындағы алдағы жұмыстардың басым бағыттары айқындалды.

Жұмыс сапарының нәтижесінде Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі табиғат қорғау іс-шараларының қазіргі жай-күйіне бағалау жүргізілді. Жоспарланған іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар беріліп, табиғат қорғау қызметін одан әрі жетілдіру және парктің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған практикалық ұсынымдар айтылды.

Түркістан облысы, 2026 жылғы 20 маусым Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Налібаевтың төрағалығымен «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында экологиялық туризмді дамыту мәселелері бойынша алғашқы көшпелі кеңес өтті. Жұмыс сапарына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Кәрімов Айдын, салалық мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес өкілдері қатысты. Сапар барысында қатысушылар ұлттық парк аумағында экологиялық туризмді дамытуға және заманауи туристік инфрақұрылым құруға бағытталған перспективалы инвестициялық учаскелермен және жобалармен танысты.

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.