
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 2026 жылғы индикативтік жоспарға сәйкес ағаш тұқымдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар орман ресурстарын сақтау, табиғи ормандарды қалпына келтіру және болашақ ұрпаққа бай табиғи мұра қалдыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Жиналған тұқымдар орманды молықтыру және орман екпелерін өсіру жұмыстарына пайдаланылып, өңірдің табиғи байлығын сақтауға үлес қосады.
Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық!
#СайрамӨгем #ҰлттықПарк #АғашТұқымдары #ОрманШаруашылығы #ТабиғаттыҚорғау #Экология #ЖасылҚазақстан
Күздің алтын түске боялған табиғаты, тау бөктеріндегі әсем көріністер мен таза ауа — бәрі де сіздің ерекше сәттеріңізді есте қаларлықтай етуге дайын!
Сайрам-Өгемнің көркем табиғаты аясында әдемі суреттер түсіріп, күздің ғажайып сәттерін бірге тамашалаңыз!
Табиғат аясындағы фотосессияға келіңіз, әсемдікті сезініңіз және ұмытылмас естеліктер сыйлаңыз!
Сайрам-Өгем — әр мезгілде ерекше, ал күзде тіпті ғажап!
Сіздерді Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде күтеміз!
#СайрамӨгем #КүзгіФотосессия #АлтынКүз #ТабиғатАясы #Экотуризм #ҚазақстанТабиғаты
2026 жылғы 7 қазанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент университетінің Жаратылыстану кафедрасының студенттері мен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа деген жанашырлықты арттыру және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Таза қоршаған орта – жарқын болашақтың кепілі! ?
Тазалық – табалдырықтан басталады!
#ТазаҚазақстан #СайрамӨгем #ШымкентУниверситеті #Экология #ТабиғаттыАяла #ТазаТабиғат
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі дирекциясында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 3-курс студенттері оқу практикасын өткізуде.
Практика барысында студенттер ұлттық парктің атқаратын жұмыстарымен танысып, табиғи аумақты қорғау, ғылыми-зерттеу және экологиялық ағарту бағыттары бойынша мағлұмат алды.
Сонымен қатар студенттер гербарий қорымен және омыртқасыздар коллекциясымен танысып, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы маңызы туралы ақпарат алды.
Оқу практикасы студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, табиғатты қорғау саласына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. ??
#СайрамӨгем #ҰлттықПарк #ОқуПрактикасы #Студенттер #Экология #ТабиғаттыҚорғау #Гербарий #Омыртқасыздар #ЭкологиялықБілім #ТабиғаттыАялаейік