Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі дирекциясында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 3-курс студенттері оқу практикасын өткізуде.

Практика барысында студенттер ұлттық парктің атқаратын жұмыстарымен танысып, табиғи аумақты қорғау, ғылыми-зерттеу және экологиялық ағарту бағыттары бойынша мағлұмат алды.

Сонымен қатар студенттер гербарий қорымен және омыртқасыздар коллекциясымен танысып, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы маңызы туралы ақпарат алды.

Оқу практикасы студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, табиғатты қорғау саласына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. ??

#СайрамӨгем #ҰлттықПарк #ОқуПрактикасы #Студенттер #Экология #ТабиғаттыҚорғау #Гербарий #Омыртқасыздар #ЭкологиялықБілім #ТабиғаттыАялаейік

   

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.