2026 жылғы өрт қауіпті маусымы барысында ұлттық парк аумағында 1 орман өрті тіркеліп, 3,17 гектар жерді шарпыды.
Өрттің алдын алу және табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 305 шақырым минералдандырылған жолақ жасалып, 70 шақырым жол жөнделді. Сонымен қатар өртті ерте анықтауға арналған 14 бейнебақылау камерасы іске қосылды.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.










