Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

2026 жылғы 7 қазанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент университетінің Жаратылыстану кафедрасының студенттері мен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа деген жанашырлықты арттыру және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Таза қоршаған орта – жарқын болашақтың кепілі! ?

Тазалық – табалдырықтан басталады!

#ТазаҚазақстан #СайрамӨгем #ШымкентУниверситеті #Экология #ТабиғаттыАяла #ТазаТабиғат

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.