Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде күзгі маусымдағы жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – ұлттық парк аумағындағы жабайы жануарлар түрлерінің сандық көрсеткіштерін анықтау, олардың таралу аймақтары мен мекен ету ерекшеліктерін бақылау, сондай-ақ популяциялардың жай-күйіне мониторинг жүргізу.
Мемлекеттік инспекторлар табиғи аумақтарда бақылау жұмыстарын жүргізіп, жануарлар дүниесінің қазіргі жағдайы туралы қажетті мәліметтер жинақтауда.
Табиғат байлығын сақтау – ортақ міндетіміз!










