Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мектеп оқушылары арасында экологиялық білім мен табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында танымдық лекция сабақтарын өткізді.

Іс-шара Қ. Сәтбаев, Т. Рысқұлов және «Таң» бастауыш мектептерінде ұйымдастырылды.

Лекция сабақтарының негізгі тақырыптары:

Биоалуантүрлілікті сақтау;

Қылқан жапырақтыларды қорғау.

Кездесу барысында оқушыларға қылқан жапырақты ағаштардың табиғаттағы маңызы, олардың экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі және өсімдіктер дүниесін қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, жас ұрпақты табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және табиғи байлықтарды сақтауға шақырды.

Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бүгінгі экологиялық тәрбие – ертеңгі табиғаттың кепілі!


Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.