
Биоалуантүрлілікті сақтау және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша дөңгелек үстел 2026 жылдың 15 сәуір күні «Мирас» университетінің профессор оқытушылар құрамы «Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркі» МҚК-і, А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме мен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық парк қызметкерлері бірлесе Биоалуантүрлілікті сақтау және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
«Таза Қазақстан – болашақ кепілі» 16.04.2026 ж. «С.Рахымов атындағы әскери» колледж «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында 1 курс ұландарына арналған танымдық лекция өткізді. Лекция барысында: Ұлттық парктің тыныс-тіршілігі Туристік бағыттар «Парктер шеруі» акциясының маңызы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы кеңінен таныстырылып, жастар табиғатты қорғауға белсенді қатысуға шақырылды. Іс-шараға: 70 ұлан 6 офицер құрамы қатысып, өзара пікір алмасып, қызықты сұрақтарға жауап алды. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!
Өрт қауіпсіздігі – басты назарда! Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Төлеби филиалы қызметкерлерімен бірлесіп дайындық деңгейін тексерді. Тексеру барысында: Жеке құрамның орман өрттеріне жедел әрекет ету дайындығы бағаланды Өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары және арнайы жабдықтардың жарамдылығы қаралды Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін білу деңгейі пысықталды Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінді Мұндай алдын алу шаралары табиғи аумақтарды өрттен қорғауда маңызды рөл атқарады. Табиғатты сақтайық – қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік! #ӨртҚауіпсіздігі #ТазаҚазақстан #СайрамӨгем #Төлеби #Экология Қауіпсіздік
“Таза Қазақстан – болашақ кепілі” 14 сәуір ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және “Парктер шеруі – 2026” табиғат қорғау акциясы аясында ұлттық парктің Түлкібас филиалы Даубаба шатқалында ауқымды “Мөлдір бұлақ” тазалық шарасы өтті. Іс-шараға Самұрық-Қазына АҚ еншілес ұйымы “Түркістан Бу-Газ Қондырғысы” ЖШС қызметкерлері мен ұлттық парк мамандары бірлесе атсалысты. Акция барысында Даубаба өзені бойындағы бұлақ көздері ашылып, айналасы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар демалыс орындарында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Облыстық деңгейде өткен шараға 40-тан астам адам қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Табиғатты аялау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз! #ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #Экология #ТабиғаттыҚорғау #Түлкібас #Даубаба #SamrukKazyna
«Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күні» Бүгін табиғатты аялау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында С.Рахымов атындағы әскери колледжімен бірлесе ағаш отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылды. Игі шара барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып, болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза Қазақстанды қалдыруға бағытталған маңызды қадам жасады. Табиғатқа жанашырлық – әрбір азаматтың борышы! Бірге әрекет етейік, бірге көркейтейік! #ТазаҚазақстан #АғашОтырғызу #ЖасылЕл #Экология #ТабиғаттыҚорғау
«Таза Қазақстан – болашақ кепілі» 13.04.2026 ж. «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық» колледжі «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында Экологиялық білім күніне орай ұлттық парк қызметкерлері Агронамия және Орман шаруашылығы мамандықтарының 1–2 курс студенттеріне арналған танымдық лекция-семинар өткізді. Іс-шара қалалық деңгейде ұйымдастырылды. Семинар барысында: Ұлттық парктің тыныс-тіршілігі Туристік бағыттар «Парктер шеруі» акциясының маңызы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы кеңінен таныстырылып, жастар табиғатты қорғауға белсенді қатысуға шақырылды. Іс-шараға: 50 студент 10 профессор-оқытушы қатысып, өзара пікір алмасып, қызықты сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар қатысушыларға буклеттер мен үнпарақтар таратылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ғылыми бөлім тарапынан Қызыл кітапқа енген және эндемик өсімдіктер, сондай-ақ жануарлар әлемі туралы құнды ақпараттар берілді. Студенттер алдағы уақытта ғылыми тәжірибе мен практика жұмыстарын бірлесе жүргізуге шақырылды. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!