Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Семинар-тренингке Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының (ЕҚТА) өкілдері, экологиялық ұйымдар мен сарапшылар қатысуда.

Ұйымдастырушылар:
Қазақстан Республикасының Биоалуантүрлілікті сақтау қоры және PeaceNexus қоры.

Семинардың мақсаты:
Орталық Азиядағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық ұйымдардың тиімді әріптестік басқару тәжірибесін нығайту. Осы мақсатта қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижелері мен алынған сабақтарды бірлесіп талдайды.

Сонымен қатар өңірлік ерекшеліктерді, жергілікті жағдайларды және бизнеспен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін ескере отырып, тәжірибеде қолдануға болатын нақты ұсынымдар әзірлеу көзделген.

Мұндай кездесулер табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тиімді басқаруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Құрметті Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманшылары мен қызметкерлері!
​Сіздерді 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға қосқан үлесі үшін "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің "Өгем" филиалының директоры Тұрғанов Ерлан Рысбекұлы 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай марапатталды!
​Туған жердің тұмса табиғатын аялап, Алатаудың баурайындағы байлығымызды қорғау – үлкен жауапкершілік пен ерен еңбекті талап етеді. Шекаралық аймақта орналасқан Сайрам-Өгем ұлттық паркінің әрбір сүйем жерін күзету – табиғатты қорғаумен қатар, мемлекеттік шекарамыздың қауіпсіздігі мен тыныштығына қосылған зор үлес.
​Ел шетінде, тау-тасты аралап, күні-түні ел игілігі мен туған жердің бүтіндігі үшін адал қызмет етіп жүрген орманшыларымыздың еңбегі – шынайы отансүйгіштіктің үлгісі.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тарапынан табысталған медальдар – табиғатты қорғау, орман шаруашылығын дамыту және жануарлар дүниесін сақтау жолындағы еңбектің лайықты бағасы.

Бұл марапаттар – қоршаған ортаны қорғау саласында адал қызмет етіп, табиғи байлықтарымызды сақтауға үлес қосып жүрген мамандарға көрсетілген құрмет пен сенімнің белгісі.

Табиғатты аялау, орманды қорғау және келер ұрпаққа экологиялық таза орта қалдыру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқатай берсін!

#СайрамӨгем #ОрманШаруашылығы #ТабиғаттыҚорғау #Марапат #Экология #ЖануарларДүниесі

Орманшылар мерекесімен тұспа-тұс келген мерейлі мерейтой!

Биыл Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Табиғатты қорғау жолындағы маңызды белес орманшылардың кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келіп, қос қуанышқа ұласты.

Осы жылдар ішінде ұлттық парк ұжымы табиғи байлықтарды сақтау, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, келешек ұрпаққа көркем табиғатымызды аманат ету жолында аянбай еңбек етіп келеді. ?

Осы игі істің басында жүрген орманшылар – табиғаттың нағыз жанашырлары. Күннің ыстығы мен суығына қарамай, тау мен орманды күзетіп, табиғи байлығымызды қорғап жүрген барша орманшыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

? Қос мереке құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын! Табиғатты қорғау жолындағы абыройлы қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!

Сайрам-Өгем – табиғаттың інжу-маржаны! ?

#СайрамӨгем #ҰлттықПарк #20Жыл #ОрманшыларКүні #ТабиғаттыҚорғау #ТабиғатЖанашырлары #ҚазақстанТабиғаты

 

Сайрам-Өгем ұлттық паркінде ағаш тұқымдарын жинау

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 2026 жылғы индикативтік жоспарға сәйкес ағаш тұқымдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстар орман ресурстарын сақтау, табиғи ормандарды қалпына келтіру және болашақ ұрпаққа бай табиғи мұра қалдыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Жиналған тұқымдар орманды молықтыру және орман екпелерін өсіру жұмыстарына пайдаланылып, өңірдің табиғи байлығын сақтауға үлес қосады.

Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық!

#СайрамӨгем #ҰлттықПарк #АғашТұқымдары #ОрманШаруашылығы #ТабиғаттыҚорғау #Экология #ЖасылҚазақстан

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.