Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

"Парктер шеруі-2024" табиғат қорғау акциясы аясында өңіріміздің түрлі мекемелері және ұйымдарымен  бірлесіп, жалпы 17 іс-шара өз деңгейінде өткізілді. Балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, студенттер, ұстаздар, түрлі мекеме қызметкерлері және облыс, қала тұрғындарына экологиялық, танымдық іс-шаралары өткізіліп, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, соңында  белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар үлестірілді. 
Алдағы уақытта түрлі экологиялық іс-шаралар өз жалғасын табады.
Барлық іс-шараларымызға белсенді түрде атсалысқан қатысушыларымызға өз алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.