Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

2026 жылға жоспарланған ағаш отырғызу жұмыстары ұлттық парктің Төлеби филиалында жүргізілді. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары егілген орман екпелеріне толықтыру жұмыстары Түлкібас және Төлеби филиалдарында жүзеге асырылды. Орман екпелеріне пайдаланылған ағаш көшеттері филиалдардың уақытша тұқымбақтарында дайындалып қолданылды.

      

«Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында 10 сәуір 2026 жыл Экологиялық білім күніне орай ұлттық парк қызметкерлері Шымкент университетінің Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттеріне арналған танымдық лекция-семинар өткізді.
Қарашаш Бердиева, Алима Умирзақова және Аминат Мұратбек жастармен ашық диалог алаңын жүргізіп,қатысушыларға:
— Ұлттық парктің тыныс-тіршілігі
— Туристік бағыттар
— Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі 
— Ғылыми жұмыстар
— Санақ және биотехникалық іс-шаралар
— Өрт қауіпсіздігі мен табиғатты қорғау шаралары 
— Табиғатты қорғаудың маңызы
— «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы
— «Парктер шеруі» акциясының мақсаты туралы кеңінен ақпарат берді.
Студенттер мен ұстаздар белсенділік танытып, сұрақтарына толық жауап алды.
Іс-шара соңында қатысушылар Ұлттық паркпен тығыз байланыс орнатуға және алдағы экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырылды.
Жалпы: 55 студент, 10 ұстаз қатысты.
 
9 сәуір 2026 жыл
Шұбайқызыл шоқысы, Түлкібас ауданы
 
«Парктер шеруі – 2026» акциясы аясында Сайрам-Өгем ұлттық паркінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген Грейг қызғалдағын қорғау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
 
Іс-шараға М. Әуезов атындағы ОҚУ, колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысып, келушілерге қызғалдақты жұлмау және сирек өсімдіктерді қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды.
 
Іс-шара облыстық деңгейде өтіп, 60-қа жуық адам қамтылды.
Сонымен қатар, ұлттық парк қызметкерлері жергілікті мекемелермен бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
 
Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық!
    
 
9 сәуір күні Экологиялық білім күніне орай ұлттық парк қызметкерлері Орта Азиялық инновациялық университетінде «Батыс Тянь-Шаньдағы биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында танымдық семинар өткізді.
 
Семинарға 100 студент пен 10 оқытушы қатысып, ұлттық парктің қызметі, ғылыми зерттеулер, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, сондай-ақ экологиялық мәдениет пен табиғатты қорғау бағыттары туралы маңызды ақпараттар алды.
 
Қатысушыларға буклеттер таратылып, алдағы іс-шараларға және ұлттық паркке экскурсияға шақыру жасалды.
 

Таза Қазақстан” «Парктер шеруі – 2026» акциясы аясында 8 сәуір күні Шымкент қаласындағы №14 Айбек атындағы мектепте танымдық семинар өтті. Ұлттық парк мамандары оқушыларға: – табиғатты қорғау маңызы – биоалуантүрлілікті сақтау – жануарлар мен өсімдіктер әлемі – ғылыми жұмыстар мен туристік бағыттар туралы ақпарат берді. Семинарға 120 оқушы мен 10 ұстаз қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, табиғатты аялауға шақырылды. #ПарктерШеруі2026 #ТазаҚазақстан #Биоалуантүрлілік

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.