Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

3 сәуір күні «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасының аясында Төлеби ауданындағы «Қазақстан» жалпы орта білім беретін мектебінде Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директорының орынбасары Б.Айнабеков қазіргі таңда республика аумағында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық іс-шарасы жөнінде оқушылырға кеңінен мағлұмат берді. Ол елдегі қоршаған ортаны жақсартуға, табиғатты қорғауға, және халықтың экологиялық мәдениетін артыруға бағытталған.

   

Ұлттық парк аумағын тиімді пайдалану және дамыту бағытында маңызды мәселелер қаралды: 1.Ұлттық парктегі жерді ұзақ мерзімге туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға алған жер пайдаланушылардың құрылыс мерзімдерін қарау; 2.Ұлттық парктегі ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға берілетін жерлерді (лоттарды) қысқарту мәселесі; 3.Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бекітілген ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға берілген жерлердегі тарифтік төлемдер мәселесі; 4.Ұлттық парк аумағындағы туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесі;

 

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Түлкібас, Төлеби және Өгем филиалдарында мектеп оқушыларымен бірлесіп, құс ұяларын орнату жұмыстарын жүргізді.?

Акцияға жалпы 10 мектептен 150 оқушы қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты. ?

?Мұндай шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады.

 

Грейг қызғалдағы – Қазақстан флорасының бағалы бөліктерінің бірі, еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген түр. Бұл жойылу қаупі бар өсімдіктердің бірі болып табылады. Грейг қызғалдағы Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, атап айтсақ, Шұбайқызыл шоқысында, Қазығұрт, Төле би, Бәйдібек таулы аймақтарында өседі. Гүлдеу уақыты сәуір айынан мамыр айының бірінші он күндігі.
?Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР ҚК-нің 339-бабында өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, пайдалануға тыйым салынған түрлерін заңсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оларды сақтағаны, өткізгені, әкелгені, әкеткені немесе жойғаны үшін Заң бұзушыға
? 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады;
?Түзеу жұмыстарына тартылады;
⏳800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар қарастырылған;
?Заң бұзушы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Авторы:Ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Тасбулатова
Видео авторы: Т.Байгулов

 

«Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы аясындағы көгалдандыру– бұл қоршаған ортаны жақсарту, елді мекендерді жасылдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
«Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында, Түлкібас ауданындағы агроколледжде колледж ауласын көгалдандыру 3️⃣0️⃣ наурыз күні ұйымдастырды. Іс-шара аудандық денгейде өткізілді.
Ұлттық парк тарапынан алынған 20 дана каштан көшеті колледж ауласына отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

    

28-інші Наурыз күні Төлеби ауданындағы Қасқасу елді мекенінде өткізілген Жаңару күніне Ұлттық парктің бас директорының орынбасары Б. Айнабеков, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің инженерлері Е. Танкеев, М. Сағымбек, ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері Ғ. Усен және Төлеби филиалының қызметкерлері қатысты. Наурыз мейрамы — бұл жаңару, көктемнің келуі және жаңа жылдың басталуын білдіретін ерекше мереке. Сондықтан оны жиі «жаңару күні» деп атайды.
Айнабеков Бақыт Тоқтасынұлы елімізде өтіп жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жөнінде айтып өтті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы — бұл елімізде қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты тазартуға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған ұлттық бастама.

     

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.