5 мамыр күні №30 «Алпамыс» балалар бөбекжайында «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында «Табиғат – біздің анамыз» тақырыбында балалар таңертеңгілігі өтті. Іс-шара Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қолдауымен қалалық деңгейде ұйымдастырылды. Табиғат – адамзаттың тіршілік көзі. Ауа мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер – барлығы да табиғаттың адамға берген баға жетпес сыйы. Осы құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіру, табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Шара барысында балабақша бүлдіршіндері әсем ән шырқап, тамаша билер билеп, табиғат тақырыбындағы әсерлі қойылымдарын ұсынды. Сонымен қатар, тақпақтар айтып, сөзжұмбақтар шешіп, өздерінің табиғаттың бір бөлшегі екенін түсінгендерін көрсетті. Ұлттық парк қызметкерлері балаларға арнайы дайындалған жануарлар әлемі туралы қызықты бейнеролик ұсынды. Іс-шара соңында ұлттық парк қызметкерлері балабақша ұжымына алғыс білдіріп, бүлдіршіндерді бағалы сыйлықтармен, ал ұжым мүшелерін алғыс хаттармен марапаттады. Табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық! #ПарктерШеруі2026 #ТабиғатБіздіңАнамыз #Экобілім #БалаларТәрбиесі










