«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Қауіпсіз демалыс» атты көшпелі акция ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, ұлттық парк қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Акция барысында демалушыларға табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, өрт қауіпсіздігін сақтау, қоқыс қалдырмау және белгіленген бағыттардан шықпау жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар арнайы жадынамалар таратылып, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.










