Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

17–23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев жұмыс сапарымен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болды.

Сапар барысында табиғи кешендерді қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау, экологиялық туризмді дамыту және ұлттық парк инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері қаралды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты тиімді басқару, табиғат қорғау заңнамасының сақталуы және өңірдің бірегей экожүйелерін сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелеріне баса назар аударылды.

Жұмыс сапары аясында Д.Тұрғамбаев ұлттық парк құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен танысып, мекеме басшылығы мен қызметкерлерімен жұмыс кездесулерін өткізді. Сонымен қатар парк аумағындағы негізгі табиғи және туристік нысандарды аралады.

Сапар қорытындысы бойынша табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және ұлттық парктің туристік әлеуетін дамыту бағытындағы алдағы жұмыстардың басым бағыттары айқындалды.

Жұмыс сапарының нәтижесінде Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі табиғат қорғау іс-шараларының қазіргі жай-күйіне бағалау жүргізілді. Жоспарланған іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар беріліп, табиғат қорғау қызметін одан әрі жетілдіру және парктің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған практикалық ұсынымдар айтылды.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.