Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Нұрлыбек Машбекович Налибаевтың туризмді дамыту жөніндегі 2026 жылғы 20 маусымдағы №11-3 хаттамасына сәйкес, ұлттық парктегі туризмді дамытуға бағытталған жобаларды іріктеу жұмыстарына ерекше мән берілуде.

Комиссия жұмысының басты қағидаттары – ашықтық, объективтілік, әділдік және мемлекеттік мүддені сақтау.

2026 жылғы 5 тамызда «Айғақ» республикалық газетінде және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ресми сайтында туристік және рекреациялық мақсатта ұзақ мерзімге берілетін жер учаскелері бойынша конкурс жарияланған болатын.

17.08.2026 жылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген 10 үміткердің құжаттарын ашу рәсімі ашық түрде және ұлттық парктің истаграм әлеуметтік желісінде тікелей эфирде өткізілді .

Комиссия құрамында Сайрам-Өгем МҰТП өкілдерімен қатар, Түркістан облысының жер қатынастары, туризм, сәулет және қала құрылысы салаларының мамандары, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілдері, кәсіпкерлер палатасы, ғылыми-білім беру ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды.

Комиссия мүшелері әрбір жобаның ұсыныстарын жан-жақты әрі мұқият қарап, ұлттық парктің бірегей табиғи ерекшеліктерін сақтауға, экологиялық талаптарды орындауға және өңірдегі туризмнің тұрақты дамуына нақты үлес қосатын жобаларды іріктеуге басымдық берді.

Басты мақсатымыз – табиғи аумақтың тұтастығын сақтай отырып, сапалы туристік инфрақұрылымды қалыптастыру, жаңа мүмкіндіктер ашу және Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру.

Комиссия жұмысы белгіленген талаптар мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ашық әрі әділ қағидаттар негізінде жүзеге асырылды.

#СайрамӨгем #ҰлттықПарк #Туризм #ТүркістанОблысы #ТуризмдіДамыту #ЭкологиялықТуризм #ТуристікЖобалар #Ашықтық #ТұрақтыТуризм

 

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.