«Батыс Тянь-Шаньның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын басқару тиімділігін арттыру» жобасы бойынша қорытынды семинар. Ұйымдастырушы: Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қоры.
ӨҚБФ, «Ақсу МШ» ҚБ, «Өгем» ҚБ, «Жабағылы-Манас, Инд. Кәсіпкерлер, мектеп мұғалімдері, Ақсу-Жабағылы ГӨЗ, Қаратау ГӨЗ, Сайрам-Өгем МҰТП, т.б.
Ұлттық парк аумағына келушілерге ЕҚТА-да болу ережесі және өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық қағидаларды сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Ұлттық парк аумағында 1635 жоғары сатыдағы өсімдік түрі кездеседі.
Оның ішінде ҚР Қызыл кітапқа 62 түрі енгізілген.
Қазіргі таңда 800-ге жуық өсімдік түрі анықталды. Оның 30-дан астамы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
Және де Ұлттық парктің өсімдіктер тізімінде жоқ жаңа 50-ге жақын түр анықталды.
Бүгінде жинақталған гербарий қоры 2000 данаға жуық.
Жыл сайын ұлттық парк қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында гербарий қорын жинақтап, камералды өңдеу жұмыстарын жүргізіп, арнайы орындарда сақтауда.
Ұлттық парк аумағында жоспарға сәйкес орман өртіне қарсы минералды жолақтарды күтіп-баптау жұмыстарының 2-ші кезеңі жүргізілді.