27-қыркүйек - «Дүниежүзілік туризм күніне» орай Туризм саласын дамыту жолында айтарлықтай өз еңбегін көрсеткені үшін, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің "Алғыс хатымен" ұлттық парктің "Экологиялық ағарту және туризм" бөлімінің бастығы Қалыбаев Қалжігіт Рахметуллаұлы марапатталды.
27 қыркүйек-Бүкіләлемдік туризм күнімен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Әріптестерімізді шын жүректен кәсіби мерекесімен құттықтайды!
Дүниежүзілік туризм күні – барша халықтың тарихи-мәдени құндылықтарымен танысып, таңғажайып табиғатпен сырласып, демалуына мүмкіндік жасайтын туристік мекемелердегі кәсіби қызметкерлердің халықаралық мерекесі.
Халқымыз "Еңбек-адамның көркі, адам-заманның көркі" - деп бекер айтпаса керек. Елімізде 10 жылдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісі "Еңбек күні" ретінде аталып өтуде.
Осыған байланысты "Еңбек күні мерекесіне" орай ұйымдастырылған "Еңбек жолы" конкурсының "Үздік еңбек әулеті" номинациясы Өңірлік кезеңі бойынша 1-орын жеңімпаздары "Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің" қызметкерлері "Тұрғановтар әулеті" марапатталды.