Ұлттық парктің Төлеби филиалы Сарыайғыр шатқалында 14-қазан күні "Орман шаруашылығы қызметкерлері күні" іс-шарасы өткізілді.
Іс-шарада орман шаруашылығы саласының ардагерлері, облыстық орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының өкілі, Қаратау табиғи қорығы мен ұлттық парк қызметкерлері қатысты.
Іс-шарада қызметкерлерге түрлі "Алғыс хаттар" үлестіріліп, бағалы сыйлықтар берілді.
Елімізде табиғатты қорғау және жан-жануарлар дүниесіне қамқор болып, жанашырлық танытуға, дала өрттері мен басқа да апаттардан қорғаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз аң аулап, табиғат байлығын орынсыз пайдалануға жол бермеу — "орманшылардың" басты назарында. Ұлттық паркте осындай жұмыстарды абыройлы атқарып жүрген мемлекеттік инспектор Акимбеков Нұржан Сайрамбайұлы.