Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

06.03.23 1

Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторларының білімін, сонымен қатар, практикалық жұмыс тәжірибелерін жетілдіру және оларға 2023 жылы өткізілетін шаралар бойынша нұсқаулық беру мақсатында Түлкібас (16-17 ақпан), Төлеби (21-22 ақпан), Өгем (28 ақпан – 1 наурыз) филиалдарында оқу-семинар сабақтары (техминимум) өткізілді. Мемлекеттік инспекторларға оқу қорытындысымен тиісті нұсқаулықтар беріліп, ол жөнінде арнайы журналда тіркеуге алынды.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.