Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

ҚР "Жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу" жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес суырларды есепке алу 15 маусымға дейінгі мерзімде жүргізіледі. Есепке алу жұмыстары кезінде ұлттық парктің аңшылықтанушы-биолог мамандарының қызыл суырды бейнеге түсіру кезінен үзінді.

14.06.2023 ж “Shymkent” қонақүйінде жеке тұлғалардың және туристік топтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бару қауіпсіздігіне арналған семинар өтті. Семинарға 20-дан астам экскурсия жетекшілері мен туризм нұсқаушылары қатысты. Жетекші сарапшылар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережері мен туристерге алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты қауіпсіздіктің техникалық аспектілері туралы толық мәліметтермен бөлісті. Қатысушылар өз кезегінде өрт қауіпі бар маусымы кезіндегі сақтық шаралары туралы ақпарат алды.

К Ү Н   Т Ә Р Т І Б І:

1. «Парктер шеруі-2023» табиғатты қорғау акциясының қорытындысы.

2. Құстар мен жануарларға жүргізілген көктемгі санақ жұмыстарының қорытындысы.

3. Орманды өрттен қорғау шараларының орындалу барысы туралы.

4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты» жұмыстарының орындалуы жөнінде.

5. Ғылыми-техникалық кеңестің құрамын ауыстыру.

6. Әртүрлі мәселелер.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.