Ұлттық парк аумағында 1635 жоғары сатыдағы өсімдік түрі кездеседі.
Оның ішінде ҚР Қызыл кітапқа 62 түрі енгізілген.
Қазіргі таңда 800-ге жуық өсімдік түрі анықталды. Оның 30-дан астамы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
Және де Ұлттық парктің өсімдіктер тізімінде жоқ жаңа 50-ге жақын түр анықталды.
Бүгінде жинақталған гербарий қоры 2000 данаға жуық.
Жыл сайын ұлттық парк қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында гербарий қорын жинақтап, камералды өңдеу жұмыстарын жүргізіп, арнайы орындарда сақтауда.