Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Олардың арасында өмір жолдарын осы салаға арнаған “Орманшы әулеттері” де жетерлік.

Оңтүстік өңіріміздегі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымында сондай әулеттің бірі-Жиренбаевтар әулеті.Әулеттің үлкені-Жиренбаев Барат ақсақал,Өгем орман шаруашылығында 1957 жылдан 1987 жылға дейін орманшы болып қызмет атқарған. Осы саладан 1987 жылы абыроймен зейнетке шыққан.Ақсақалдың үш ұлы-Бақтияр, Шадияр, Тайыр еңбек жолын Өгем орманшылығының Келес орман бөлімшесінде бастаған. Қазіргі таңда кіші ұлы Тайыр аға орманшы қызметін абыроймен атқарып келеді.Тайырдың қызы Әсия да сол Өгем филиалында “Есепші” болып жұмыс жасайды. Барат ақсақалдың інісінің ұлы да Жиренбаев Бердібек осы бөлімшеде көп жылдан бері орман айналымының мемлекеттік инспекторы.

Міне,Жиренбаевтар әулеті 70 жылға жуық уақыттан бері орман шаруашылығы саласында тау ормандырының сақталуына, молаюына үлкен, лайықты үлес қосуда. Еліміздің орман қорын сақтап, молайтып, жануарлар әлемі мен жабайы табиғатты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің перзенттік борышымыз!
 

13-16 қыркүйек аралығында ұлттық парк аумағында Алматы қаласы "Ботаника және фитоинтродукция институты " мамандарының қатысуымен ғылыми экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция құрамында сонымен қатар АҚШ және Ұлыбритания шетелдік мамандарда болды. Зерттеу жұмыстары ұлттық парктің Машат шатқалында Көкбұлақ, Бозторғай, Даубаба орман айналымында жүргізілді. Жұмыс барысында осы аумақтардың өсімдік жамылғысына мониторингтік бақылау жүргізілді, нәтижесінде флораның түрлік құрамы, таралу аймағы, популяциялық жағдайы және табиғи ортадағы жай күйі анықталды.

1 1 1

? Ұлттық табиғи парктің бақылау-өткізу бекеті қызметкерлері күнделікті еңбегімен осы міндетті абыроймен атқарып келеді.
 
?♂️ Олар табиғатты қорғау ? мен экологиялық мәдениетті ? насихаттауда да өз үлесін қосып, парк аумағының қауіпсіздігін қырағылықпен қадағалайды.
 
? БӨБ қызметкері келушілердің журналға толық әрі нақты тіркелуін ✅, сондай-ақ тиісті түбіртектің беріліп, рәсімделуін ? қамтамасыз етеді.
 
♻️ Негізгі міндеттен бөлек, қызметкер айналаның тазалығына ерекше мән береді. Ол туристерге қоқыс салуға арналған био-пакеттер таратып, экологиялық мәдениетті дәріптейді.
 
✨ Бұл бастама табиғатты қорғауға шақырып қана қоймай, келешек ұрпаққа таза табиғатты аманат етуге зор үлес қосуда.
 
?♂️ Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбек адамын дәріптеп қана қоймай, олардың қоғам мен табиғатқа қосып жатқан елеулі еңбегін бағалайтын ерекше жыл.
 
Табиғат – біздің өміріміздің негізі, ал оны қорғау – әрқайсымыздың борышымыз. 
 
Ұлттық парк аумағы Сайрамсу орман айналымына келушілеріне қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде үгіт-насихат түсіндірме жұмыстары мен демалу аймақтарында кезекті тазалық жұмыстары 2025 жылдың 27 тамыз күні парк қызметкерлері тарапынан жүргізілді. 
#Таза болса табиғат, аман болар адамзат
1 1 1 1
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.