Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Отряды – АЙЫР ТҰЯҚТЫЛАР (ARTIODACTYLA)
Тұқымдасы – ҚУЫС МҮЙІЗДІЛЕР (Bovidae)
Түрі – СІБІР ТАУ ЕШКІСІ (Capra(ibex) sibirica Pallas)
 
Бұл айыр тұяқты сүтқоректі аң ұлттық парктің Төлеби және Өгем филиалдары аумағында таралған. Тау ешкілер күзде, қыста, көктемде, тау жоталарының жоғарғы және төменгі белдеулерде кездессе, жаз мезгілінде биік таулы аймақтардың жоғарғы альпілік, супальпілік белдеулерінде мекендейді. 
Сібір тау ешкілері тау шыңдары мен тік жартастарды еркін бағындырып, экстремалды табиғат жағдайларына бейімделген.
 
2025 жылғы көктемгі жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу жұмыстарының қорытындысы бойынша жалпы парк территориясынан шамамен 1464 дарақ тау ешкі саналды. Оның 506 аталық, 655аналық, 303 төлі. Бұның - Төлеби филиалы бойынша жалпы саны  561 дарақ тау ешкі, оның - 222 аталық, 232 аналық, 107 төлі. Өгем филиалы бойынша жалпы саны - 903 дарақ. Оның 284 аталық, 423 аналық, 196 төлі. Тау ешкілердің күйектену маусымы желтоқсан айында болады.
 
 
Жануарлар дүниесі өсімін молайту бөлімінің басшысы Т.Танирбергенов.
Табиғат — өмірдің бастауы, сұлулықтың қайнар көзі. Адамзат баласы табиғаттан нәр алып, соның аясында өмір сүреді. Таулар мен ормандар, өзен-көлдер мен шексіз далалар — бәрі табиғаттың ғажап туындылары. 
Табиғаттың әрбір туындысы — біз үшін қазына. Сондықтан оны қорғау — әрқайсымыздың борышымыз.
 

 
ЕСКЕРТУ!!!
Тауда осындай мұздан жасалған көпірлерді көрсеңіз оны баспаңыз. Бұл адам өміріне өте қауіпті.
?Автор видео: @tlesh.perdebaevich
11.07.2025 жылы өткен “Батыс  Тянь-Шань флорасындағы сирек кездесетін өсімдіктер”тақырыбындағы ғылыми семинарға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті б.ғ.к.
Ибрагимов Т.С.және ұлттық парк мамандары қатысты.

image 13 07 25 10 21

Батыс Тянь-Шань таулары — Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан аса маңызды табиғи аймақтардың бірі. Бұл өңір Орталық Азиядағы ең бай биогеоценоздардың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Түркістан облысындағы бұл таулы аймақ өз құрамында сирек кездесетін, эндемикалық өсімдіктер мен жануарлар әлемін, сондай-ақ климат тұрақтылығы мен су ресурстарының сақталуына әсер ететін орманды экожүйелерді қамтиды. Алайда соңғы жылдары бұл ормандар экологиялық қауіп-қатерге ұшырап отыр. Батыс Тянь-Шаньдағы ормандар негізінен арша, емен, жабайы жеміс ағаштары (өрік, алма, алмұрт), бұталар мен шөптесін өсімдіктерден тұрады. Бұл ормандар бірнеше маңызды экологиялық қызмет атқарады: топырақты эрозиядан сақтау, атмосферадағы көмірқышқыл газын сіңіру, биологиялық алуантүрлілікті сақтау, су айналымын реттеу. Сонымен қатар бұл ормандар жергілікті халықтың дәстүрлі шаруашылығына да маңызды (мал азығы, дәрілік шөптер, отын, т.б.). Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар орман қорын ұлғайту мақсатында арнайы бағдарламалар қабылдауда. Түркістан облысында «Жасыл Қазақстан», «Жасыл белдеу», «Таза Қазақстан» секілді бастамалар жүзеге асырылуда. Орманды қалпына келтіру әдістеріне - Көшет отырғызу: жергілікті климатқа бейімделген түрлер — арша, бадам, долана, өрік көшеттерін отырғызу; Топырақ қорғау шаралары: эрозияға қарсы террасалар мен қорғаныш жолақтар жасау; Су ресурстарын басқару: тамшылатып суару, уақытша су қоймаларын жасау. Ормандарды қорғауда жергілікті халықтың рөлі аса маңызды. Жергілікті қауымдастықтар мен мектептерде экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу, еріктілер қозғалысын дамыту, орман шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау — ормандардың болашағын сақтаудағы негізгі тетіктердің бірі. Сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижесінде климатқа бейім орман түрлерін анықтау, табиғи жаңару әлеуетін бағалау және аймақтық экожүйелердің орнықтылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуі қажет.

Орман мен өсімдіктер дүниесінің өсімін молайту инженері: Ш.Қанат 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.