Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Мекемеде ғылыми қызметті ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі ҚР 2006 жылғы 7 шілдедегі №175 ЕҚТА Заңының 41 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы  13 наурыздағы №25-02-01/94 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Ұлттық парктің 2022-2026 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы  №27-5/277 бұйрығымен бекітілді. 4 тақырып бойынша ғылыми-зерттеу шаралары жоспарланған және оны орындау барысында жыл сайын белгілі мерзімге бекітілген тақырыптар  бойынша салалық ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары тартылған.

Ұлттық парктің айналым мемлекеттік инспекторлары «Табиғат жылнамасы» кітабына қажетті мәліметтерді алу үшін 43 дана ауа термометрімен, 13 дана ауа ылғалдылығын өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілді. Орман орналастыру мекемесінің соңғы мәліметін сараптай келе 2023 жылы 13 феноалаңның паспорттары және басқада құжаттары жаңартылады.

Ұлттық табиғи парктің  кітапхана қоры – 1380 данаға, алдағы уақыттада толықтыру жұмыстары жүргізілетін болады. Кітап қорын ұлттық парк қызметкерлерімен қоса келісім-шартқа  отырған мекемелердің студенттері мен қызметкерлері пайдалануда.

2012 жылдан бері гербарий үлгілерін дайындау жалғасып, қазіргі таңда жалпы -  2100 данаға жетті. Омыртқасыз жәндіктердің коллекциясы жыл сайын толықтырылып отырады, анықталған омыртқасыздар саны – 1511 дана, қазіргі таңда коллекцияның саны – 850 данаға жетті.

monit 1

 

monit

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.