Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

1.  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі – ЕҚТА) атауы:

  Сайрам-Өгем МҰТП

 

2.  Маршруттың атауы:  

  Сарыайғыр өзені бойындағы шатқал

 

3.  Маршруттың жіктемесі:

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу жүру;

2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық;

3) ұйымдастыру нысаны бойынша: жеке және топтық;

Грейг қызғалдақтары Tulipa greigii RegelТюльпан Грейга 

4. Негізгі географиялық пункттердің атауы:

Сарыайғыр өзенінің төменгі сағасындағы көпір – Ұлар өзені – Сарыайғыр өзенінің орта сағасындағы сарқырамалар.

 5. Маршруттың ұзындығы:

13км (қайтар жолды да ескергенде),  уақыт ұзақтығы барып қайтқанға 7 сағат 30 минут (аялдамаларды ескере отырып).

 6. Маршруттың жұмыс істеу мерзімі: сәуір - қазан.

Маршрутқа таңғы сағат 10-нан кешікпей Сарыайғыр өзеніндегі көпірден шығу көзделген, бағыттың басы Сайрамсу және Сарыайғыр өзендерінің қосылған жерінен, негізгі кордоннан 3 км дейінгі қашықтықта орналасқан.

Сарыайғыр өзеніндегі соңғы жоғарғы кордонға қарама-қарсы өзеннің үстіндегі  көпірден өтіп, Ұлар  өзені арқылы топырақ жолмен жоғары көтерілеміз.  Ұлар өзеніндегі көпірден өткен соң, оңтүстік бағытпен қозғала отырып үлкен алаңды кесіп өтіп, Сарыайғыр өзенінің оң жағасына өтеміз (өзеннің жағасы ағыстың бағытына қарай анықталады). Өзеннің оң жағасы бойымен тапталған жолмен жоғары көтеріліп, бірінші жартасты жерге 20 минуттан соң жетеміз.  Маршрут таулы жоталар арқылы өзеннен 20 м жерден тура өтеді.

Сарыайғыр өзені бойындағы шатқалда өте әсем де көрікті қырлары аршалы орманмен көмкерілген, жабайы алма, долана,  бөріқарақатты және итмұрын жеміс ағаштары, түркістан ақ қайыны кездеседі.

Шатқал жануарлар әлеміне бай. Жылдың әр мезгілінде қар барысы, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, қабан, тас сусары, Мензбир суыры, елік және таутеке  сияқты жануарлардың іздерін  байқауға және кездестіруге де болады.  

Екінші жартасты жерге 35 минуттан кейін жақындап, бұл жерге түскі тамақтану үшін тоқтап, аялдаған жерде өзен бойындағы әдемі сарқыраманы тамашалауға және суретке түсіруге болады.  

    

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.