Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

 Сайрам-Өгем МҰТП-і  Басқару жоспарының

2021 жылы орындалу барысы туралы

Ұлттық парктің жаңа басқару жоспары 2018 жылдың III-IV тоқсандарында дайындалып және экологиялық мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, ол 2018 жылғы 14 желтоқсанда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің №17-5-6/336 бұйрығымен бекітілді. Парктің 2021 жылғы қызметінде осы басқару жоспары басшылыққа алынды.

 

 

3.1.1 Мекен ету ортасын басқару бағдарламасы бойынша

 

Табиғи парк аумағындағы биологиялық алуантүрлілікті, экожүйелерді және олардың ішінде қылқан жапырақты аршаның жас ағаштарын,  жалпақ жапырақты ағаш ормандарының, өсімдіктердің, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғауды күшейту мақсатында 47 мемлекеттік инспекторларға орман айналымдары мен табиғи қаумалдар бекітіліп берілген. Бұған қосымша қызметтік функциялары бойынша 53 қызметкер –инспектор ретінде табиғатты қорғау шараларын жүргізуге қатысып келеді. Қорғау қызметі байланыстың жылжымалы және стационарлық құралдарымен, формалық жазғы, қысқы киіммен дала құрал-жабдықтарымен және патрульдік автокөлікпен қамтамасыз етілді. 52 инспекторларға мініс аттар берілген. Бірақ қазіргі таңға мемлекеттік инспекторлардың патрульдік автокөлікпен қамтамасыз етілуі 55%. Ұлттық паркте 13 патрульдік автокөлік, 4 дана мотоцикл 3 арнайы өрт сөндіру автокөлігі, 1 дана жүк тиегіш автокөлігі, 1 дана газель автокөлігі (туристер тасымалдауға), 1 дана Газ автокөлігі (қоқыс шығаратын), 4 дана трактор (МТЗ-82 3 дана, ДТ-75) бар. Мемлекеттік инспекторлар 30 дана «Байкал 442» Макаров тапаншасымен, 5 дана ОП СКС карабинімен, радиобайланыс құралдары – 7 дана тұрақты радиостанция, 23 дана мобильдік және 68 дана қол рациясымен  қамтамасыз етілген.

         Орман өрттерінің алдын алу мақсатында 305 шақырым көлемінде минералдық жолақтар күтіп-бапталды. Өртке қарсы пайдаланылатын 50 шақырым жолдар жөндеуден өткізілді. Өрт қаупі маусымында уақытша 27 өрт қарауылдары жұмысқа алынды. Өрт химиялық стансаларын ұстауға 607,0 мың теңге қаржы жұмсалды. 130,0 гектар ағаш екпелерінде пайда болған ағаш аурулары мен зиянды жәндіктердің 104,6  гектары химиялық әдіспен, ал 25,4 гектары механикалық жолмен жойылды. 7,8 гектар орман алқаптарында іріктеп санитарлық кесіктер жүргізіліп, қураған ағаштар 25,05 текше метр көлемде отын ретінде дайындалды, 19,4 жерде гектар бауды реконструкция жасау жұмыстары жасалып, 157,13 текше метр көлемде отын дайындалды. Нәтижеде орман алқаптарының санитарлық жағдайы жақсара түсті.

 

 

3.1.2. Тірі табиғатты басқару

         Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ішіндегі Қазақстанның Қызыл Кітабына енген өсімдіктердің 62 түрінің, сүтқоректілердің 10 түрінің және құстардың 28 түрінің жойылып кетуін алдын алу және басқа да жануарлар түрлерін қорғау мақсатында, парк аумағы мен күзет аймағында белгіленген тәртіпті сақтауда мемлекеттік инспекторлар 2021 жылы барлығы 548 рейд өткізді. Жыл ішінде 60 заң бұзушылық оқиғасы анықталды. Түркістан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірге 1 рет және «Нұр Отан» партиясы өкілдерімен 4 рет, аудандық құқық қорғау қызметкерлері және табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірге 14 рет бірлескен рейдтер және т.б. табиғат қорғау жұмыстары жүргізілді. Парк қорғауына берілген республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағында ОҚО әкімшілігінің 2008 жылғы 29 қазандағы №362 қаулысымен бекітілген шектелген шаруашылық қызметінің түрлері бойынша жыл бойында шөп шабуға, жер қыртысын бүлдіруге, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауға қазан-қараша айларында мал жаюға тыйым салынатыны туралы  ескертулер жеке кооператив және т.б. шаруашылық басшыларына таратылды.

          Анықталған заң бұзушылықтар туралы түсіндірмелер төменде көрсетілді.  

ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы 1 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да заңсыз балық аулау қағидаларын бұзу фактісі бойынша – 10 дерек анықталып, 10 жеке тұлғаға 145850 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 2333,6 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, толығымен өндірілді.

      ҚР ӘҚБтК-нің 380 бабы  бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-дың  жекелеген түрлерінде болу тәртібін  бұзу бойынша – 25 дерек анықталып 25 жеке тұлғаға 72925 теңге көлемінде айыппұл салынып,  толығымен өндірілді.

      ҚР ӘҚБтК-нің 138 бабы 2 бөлігі  бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде арнаулы белгілерді бүлдіру фактісі бойынша – 4 дерек анықталып, 4 жеке тұлғаға 29170 теңге көлемінде айыппұл салынып,  толығымен өндірілді.

      ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабы 1 бөлігі  бойынша, яғни ұлттық парктің күзет айммағында аң аулау қағидаларын бұзу бойынша – 3 дерек анықталып 1 жеке тұлғаға ескерту жазасы, 2 жеке тұлғаға 14585 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді.

      ҚР ӘҚБтК-нің 370 бабы 4 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да заңсыз мал жаю фактісі бойынша – 8 дерек анықталып, 8 жеке тұлғаға 233360 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. Сонымен қатар 252321 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, толығымен өндірілді.

      ҚР ӘҚБтК-нің 372 бабы 4 бөлігі бойынша, яғни ұлттық парктің жерінде ЕҚТА-да қалдықтармен орманды бүлдіру фактісі бойынша – 7 дерек анықталып, 7 жеке тұлғаға 102095 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді. Сонымен қатар 20419 теңге көлемінде табиғатқа келтірілген залал мөлшеріне талап қойылып, толығымен өндірілді.

      2021 жылдың 25-сәуірінде «WhatsApp» желісі арқылы әлеуметтік желігі Сайрам–Өгем МҰТП мемлекеттік мекемесіне қарасты ерекше қорғалатын табиғи аумақта 6 (алты) адамнан тұратын топтың аң аулаумен айналысқаны туралы бейне түсірілім таралған болатын. Бейне түсірілімде, Сайрам-Өгем МҰТП-нің Өгем филиалына қарасты «Бақ-шелпек» орманшылығының №2 орман айналымының №35 орамы «Құржайлау» шатқалында осы топтың аңшылық қаруларымен (1(бір) дана тегіс ұңғылы, 1(бір) дана ойық ұңғылы аңшылық қаруы) отырған сәтінің түсірілімі көрсетілген. Осы топтың ішінде нақтыланбаған мәлімет бойынша Қазығұрт  ауданы, Жігерген ауыл округі, Шақпақ ауылының тұрғыны Беисебаев Шадияр есімді азамат қолында аңшылық қарумен отырған видео-түсірілімі бар. Сонымен қатар, желідегі фото суретте аталған топ, 2 екі бас «Сібір тау текесін» олжалаған. Осы топты және олардың іс-әрекеттерін анықтау үшін Өгем филиалының 25.04.2021 жылғы №73 хатымен жедел түрде Қазығұрт АПБ-не жолданылып және 102 нөмір жүйесіне хабарланды. Хат, АПБ-нің кезекші бөліміне 2021 жылдың сәуір айының 26-шы жұлдызы күні түнгі сағат 2:30 да  №215140030000809 санды нөмірімен тіркеуге алынды.

       Жоғарыда аталған факті бойынша 26.04.2021 жылы шұғыл түрде  Қазығұрт АПБ мен Сайрам-Өгем МҰТП-нің қызметкерлері  оқиға орны болған жерге барып, қарап-тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында  Сайрам-Өгем МҰТП-нің Өгем филиалына қарасты «Бақ-шелпек» орманшылығының №2 орман айналымының №35 орамы №37 телімінде олжалаған 2 (екі) бас «Сібір тау текесін» сойып, сібір тау текенің 2 (екі) дана басын, терісін  7(жеті) дана сирақтарын (ішек қарындарын) тастап, еттерін өздерімен алып кеткен жерін анықтадық.

       Айғақ зат ретінде табылған  сібір тау текенің 2 (екі) дана басын,         2 (екі) дана терісін,  7 (жеті) дана сирақтарын заңға сәйкес шаралар қолданулары үшін Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлеріне өткізілді.

       ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/158 бұйрығымен бекітілген және ҚР Премьер Министрінің орынбасары-ҚР ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы №453 бұйрығына қосымша ҚР жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесіне қосымша 1.2 өтеу ставкасы бойынша  1(бір) бас Сібір тау текесі үшін залал мөлшері (ставка2917х 250 АЕК=729250теңге х коэффицент «Ко» 3 = 2187750 теңгені құрайды. Атып алынған 2(екі) бас Сібір тау текесі үшін залал мөлшері 2187750*2 бас Сібір тау текесі=4375500(төрт миллион үш жүз жетпіс бес мың бес жүз) теңгені құрайды.

         Анықталған мән-жайлар бойынша Ұлттық парктің Өгем филиалының №73 шығыс хатымен 25.04.2021 жылы заңды шешім қабылдауға Қазығұрт АПБ-не жолданды.

       Жолданған іс бойынша 26.04.2021 жылы Қазығұрт АПБ-нің  КУИ  №215140031000134 санды нөмірімен ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 1-тармағымен  қылмыстық  іс қозғалып, Түркістан облысы Қазығұрт аудандық соты ҚР-ның атынан 17.09.2021 жылғы №5140-21-00-1/65 іс бойынша ҮКІМ ЕТТІ: Сотталушы Асилов Сапарбек Бакбердиевичті ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 1-тармағындағы қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы баппен мүлкін тәркілеусіз, оған аңшылық жасауға байланысты қызметпен айналысу құқығымен 7(жеті) жыл мерзімге айыра отырып, 3(үш) жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.                 

       Іс бойынша заттай дәлелдемелер: Қазығұрт АПБ-нің айғақты заттарды сақтау камерасында тұрған атыс қаруы, моделі «ТОЗ-34» 12 калибрлі тегіс қос ұңғылы аңшы мылтығы және Сібір тау текесінің 2 дана басы, 7 дана тұяқтары, 2 дана терісі сот үкімі заңды күшіне енген соң жоюға Қазығұрт аудандық соты ҮКІМ шығарды.  Кінәлі жеке тұлға Асилов Сапарбек Бакбердиевичтен олжалаған 2 (екі) бас Сібір ешкісі үшін есептелінген 4375500 теңге көлеміндегі табиғатқа келтірілген залал сомасы сотқа дейін өз еркіменен толығымен өндірілді.

       Сайрам-Өгем МҰТП-і дирекциясының 19.07.2021жылғы №70 санды бұйрығын басшылыққа ала отырып, ұлттық парк дирекциясының мамандары ұлттық паркке қарасты Өгем филиалы Өгем орманшылығына жанама пайдалануды реттеу және сұғанақтыққа қарсы күрес табиғат қорғау іс-шарасын ұйымдастырған.

      Табиғат қорғау іс-шара барысында 19.07.2021жылы сағат 22:30 шамасында Өгем филиалы Өгем орманшылығының №8 орман айналымы Көкбел асуынан төмен түсіп келе жатқан күдікті автокөлікті байқаған. Жедел іс-әрекет жасалынып, белгісіз автокөлікті Өгем өзені бойындағы демалыс орнында тауып, тексеру жұмыстары жүргізілген.

       Тексеру жұмыстары барысында Шымкент қаласы Қайтпас 2. мөлтек ауданы Сырым батыр көшесі №8/2 үй тұрғыны Итанов Асет Нұрдаулетұлы деген азамат өзінің «SAVAGE» маркалы, №536184 сериялы ойық ұңғылы аңшы қаруымен 1(бір) бас Сібір елігін  Көкбел асуынан заңсыз олжалап, Nissan Patrol мемлекеттік нөмері  kz 365 AAI 17 автокөлігімен өзен бойына әкелгенін анықтаған.

       Оқиға орнында фото-видео түсірілімдері жүргізіліп, тиісті құжаттар рәсімделіп, 1 (бір) дана «SAVAGE» маркалы, №536184 сериялы ойық ұңғылы аңшы қаруы, 1(бір) дана аңшы пышағы, 1(бір) бас Сібір елігі тәркіленіп, алынған.

       Жоғарыда көрсетілген факті бойынша тәріленіп алынған заттар 20.07.2021 жылы таңғы сағат 6:00 –де  Түркістан облысы Қазығұрт  АПБ-не рәсімделген құжаттармен бірге жеткізілген.

       Анықталған заң бұзушылық бойынша кінәлі тұлғаға заңға сәйкес шара көруге Түркістан облысы Қазығұрт  АПБ-не ұлттық парк дирекциясынан 21.07.2021 жылы №372 хаты жолданды.

        ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/158 бұйрығымен бекітілген және ҚР Премьер Министрінің орынбасары-ҚР ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы №453 бұйрығына қосымша ҚР жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесіне қосымша 1.2 өтеу ставкасы бойынша  1(бір) бас Сібір елігі үшін залал мөлшері (ставка 2917 х 250 АЕК=729250теңге х коэффицент «Ко» 3 = 2187750 теңгені құрайды. Атып алынған 1(бір) бас Сібір елігі үшін залал мөлшері  2187750 (екі миллион бір жүз сексен жеті мың жеті жүз елу) теңгені құрайды.

      Анықталған мән-жайлар бойынша Ұлттық парктің №372 шығыс хатымен 21.07.2021 жылы заңды шешім қабылдауға Қазығұрт АПБ-не жолданды.

      Жолданған іс бойынша 20.07.2021 жылы Қазығұрт АПБ-нің  КУИ  №2151400310001502 санды нөмірімен ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 1-тармағымен  қылмыстық  іс қозғалып, Түркістан облысы Қазығұрт аудандық соты ҚР-ның атынан 24.09.2021 жылғы №5140-21-00-1/69 іс бойынша ҮКІМ ЕТТІ: Сотталушы Балабеков Бауыржан Сандарбекұлын ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 1-тармағындағы қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы баппен мүлкін тәркілеусіз, оған аңшылық жасауға байланысты қызметпен айналысу құқығымен 7(жеті) жыл мерзімге айыра отырып, 3(үш) жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

       Іс бойынша заттай дәлелдемелер: Қазығұрт АПБ-нің айғақты заттарды сақтау камерасында тұрған атыс қаруы, моделі «ИЖ-18Е» ұңғы зауыттық нөмері «А3701В», қорапшаның зауыттық нөмері «А3701В»,    16 калибрлі тегіс бір ұңғылы аңшы мылтығы және 1 бас сібір елігі сот үкімі заңды күшіне енген соң жоюға Қазығұрт аудандық соты ҮКІМ етті.  Кінәлі жеке тұлға Балабеков Бауыржан Сандарбекұлынан олжалаған 1 (бір) бас Сібір елігі үшін есептелінген 2187750  теңге көлеміндегі табиғатқа келтірілген залал сомасы сотқа дейін өз еркіменен толығымен өндірілді.

      2021 жылдың 09 тамыз күні кезекті айналымдарды бақылау жұмыстары барысында сағат 17:00 шамасында ұлттық парктің №8 орман айналымының №2 орамында Аршалы бет  асуынан Төлеби ауданы Алатау елді мекеніне қарай түсіп келе жатқан 2(екі) аттылы, 1 (бір) есекке мінген жалпы 3 (үш) адамның алдынан филиалдың мемлекеттік инспекторлары тоқтатпақ болғанда алған бағыттары бойынша қаша жөнелген. Шұғыл ұстау әрекеттерінің нәтижесінде аталған азаматтар ұлттық парктің күзет аймағында Қоратас қыратында қолға түскен. Қашу барысында атқа артылған қоржындары мен басқада заттарын лақтыра бастаған. Кейін анықталғандай бір қоржын ішінен 1 (бір) дана, полиэтилен қаптың ішінен 2(екі) дана-  жалпы  3(үш) дана Мензбир суырының өлі денелері табылған. Сұрастыру барысында бұл азаматтар өз айтулары бойынша Төлеби ауданы Алатау ауылының тұрғындары 1982 жылы туылған Юсупов Батырхан Сабитұлы, 1983 жылы туылған Серхозиев Ерик Оразалыұлы,  1988 жылы туылған Сайдазимов Мади Аханович екендігі анықталды. Өздерінің берген жазбаша түсініктемелері бойынша азамат Е.Серхозиевпен Б.Юсупов 08.08.2021 жылы ұлттық парк аумағына кіріп, Ұлыжұрт жайлауына барып түнеген. Содан 09.08.2021 жылы жоғарыда көрсетілген  Мензбир суырларын аулап кері қайтып келе жатқан. Ал азамат М.Сайдазимов 08.08.2021жылы  2(екі) бас жылқысын іздеп шыққанда   Е.Серхозиев, Б.Юсупо деген азаматтарға жолығып бірге қайтқанын және Мензбир суырын аулағанға ешқандай қатысы жоқ екенін көрсеткен. Жоғарыда аталған қоржын ішінен табылған 3(үш) дана Мензбир суырларының денелерін айғақ зат ретінде тәркілеу актісімен тиісті  органға жолдау үшін тәркіленіп алынды. Олжалау құралы болуы ықтимал отты қаруы ол аумақтан табылмаған.

      Аталған  заң бұзу фактісі бойынша құжаттары жинақталып, тиісті заң аясында шара қабылдау үшін Төлеби АПБ-не 10.08.2021 жылы Төлеби филиалының №194 хатымен жолданған.

      Іс Төлеби АПБ-де 12.08.2021 жылы №215158031000296 СДТБТ-де тіркеуге алынып, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 1,2,4-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі  Түркістан облысы полиция департаменті Төлеби аудандық полиция бөлімінің 15.12.2021 жылғы №1-1-4-50-1 шығыс хатымен, Төлеби АПБ-і 12.08.2021 жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне №215158031000296 санымен тіркелген қылмыстық істің 13.10.2021 жылы ҚР ҚПК-нің 35 –бабы 1-бөлігі 2)-тармағына сәйкес өндірістен тоқтатылғанын хабарлады.

      Төлеби АПБ-нің шығарған шешіміне Ұлттық парк тарапынан келіспейтіндігін білдіре отырып, осы іс бойынша материалдарды бақылауға алып, заңды шешім қабылдау үшін 28.12.2021 жылы №634 шығыс хатымен Түркістан облысының прокуратурасына жолданды.

      ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/158 бұйрығымен бекітілген және ҚР Премьер Министрінің орынбасары-ҚР ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы №453 бұйрығына қосымша ҚР жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесіне қосымша 1.2 өтеу ставкасы бойынша  1(бір) бас Мензбир суыры үшін залал мөлшері (ставка 2917 х 400 АЕК=1166800теңге х коэффицент «Ко» 3 = 3500400 теңгені құрайды. Атып алынған 3(үш) бас Мензбир суыры үшін залал мөлшері  10501200 (он миллион бес жүз бір мың екі жүз) теңгені құрайды.             

      Барлығы  жыл басынан 57 жеке тұлғаға әкімшілік іс қозғалып 1 жеке тұлғаға ескерту жазасы беріліп, 56 жеке тұлғаға 597985 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді. Табиғатқа жалпы 275073,6 теңге көлемінде  залал келтіріліп, толығымен өндірілді.

         Атқарылған шаралар бойынша мәліметтер апта сайын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Түркістан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына  беріліп отырды.

       Ерекше қорғауға алынған Қаратау арқарының, Мензбир суырының популяцияларына парк аумағында күзет қызметінің инспекторлары, жануарлар дүниесін молайту бөлімінің және ғылыми қызметкерлер бірлесіп мониторинг жүргізіп, көктемгі, күзгі, қысқы санақтарын өткізді. Арқарлар популяциясы мекендейтін жерлерде тұз жалақтар қойылып, сұғанақтықтың алдын алудың арқасында басы 77 данаға жетіп, көбейіп келеді. Мензбир суырының қазіргі таңдағы саны 14374 данаға жетті.

3.1.3.3. Ғылыми зерттеулер мен мониторинг мәселелері бойынша

 

     Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2017-2021 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №271 бұйрығымен бекітілген.

Жоспарға сәйкес ұлттық парк аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстары 5 тақырып бойынша жүргізілді:

1) Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи кешендеріндегі құбылыстар мен процестерді “Табиғат жылнамасы” бағдарламасы бойынша зерттеу. 

2)  Сайрам-Өгем МҰТП-ң индикаторлық және сирек кездесетін омыртқасыз жануарларының биологиялық алуантүрлілігін ұзақ уақыттық ғылыми мониторинг негізінде зерттеу.

3) Сайрам-Өгем МҰТП-нің төменгі және жоғары сатыдағы  өсімдіктері.

4) Сайрам-Өгем МҰТП-нің аумағында кәдімгі пістені мәдени орман екпелеріне бүршікпен телу арқылы оның перспективалық түрлері мен шаруашылық-құнды формаларын енгізу.

5) Ұлттық парк аумағындағы ағаш-бұта өсімдіктеріне комплексті флоралық зерттеулер жүргізу.  

4 тақырып бойынша аралық есептер ҚР АШМ 2012 жылғы 13 наурыздағы №94 бұйрығымен бекітілген ереже бойынша үстіміздегі  жылдың 1 сәуіріне дейін, ал «Табиғат жылнамасы» бойынша материалдар жинақталып, сараптама жасалып, үстіміздегі жылдың 1 мамырына дейін комитетке  жіберіледі.

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи кешендеріндегі құбылыстар мен процестерді «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша зерттеу жөнінде жыл бойы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері және мемлекеттік инспекторлар өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық  құбылыстарға, антропогендік факторлардың әсер етуіне белгіленген 13 мониторингтік феноалаңдарда бақылау жүргізді. Мемлекеттік инспекторларға мониторинг жүргізу, мәліметтерді сараптау, үлгілерді толтыру бойынша ақпан-наурыз айларында оқу семинарлары өткізілді. Жүргізілген ғылыми жұмыстар туралы қызметкерлердің   3 ғылыми мақалалары түрлі басылымдарда жарияланды.  

        

 

3.1.3.4 Экологиялық ағарту және туризм бойынша іс шаралары

 

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі биологиялық алуантүрлілікті сақтау бойынша экоағарту жұмыстарын ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің шешіміне орай короновирус инфекциясы  қауіпіне байланысты студенттер, жастар, мектеп оқушылары денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында  «Парктер шеруі-2021» табиғат қорғау акциясын өткізу интернет, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы онлайн түрде жүргізді.

2021 жылы «Бірқазан – Қазақстанның жыл құсы» деп танылуына байланысты «Парктер шеруі-2021»  табиғат қорғау акциясын жоспарлау барысында бірқазан, жалпы құстарды, жабайы жануарлар және өсімдіктерді қорғау туралы  үгіт-насихат жұмыстарын ескере отырып, ұлттық парктің филиалдар орналасқан Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында, Шымкент қаласында және ЕҚТА-да шекаралас орналасқан елді мекендерде табиғат қорғау акциясын түсіндіру үгіт-насихат жұмыстары кең ауқымда жүргізу мақсатында ұлттық парктің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары мен филиалдардың туризм жөніндегі инженерлері ақпан, наурыз (айдың басында) айларында жоғары оқу орындарында, мектеп гимназияларында лекциялар, танымдық презентациялар өткізді.

         Экологиялық ағарту саласында 55 мақала баспасөз беттерінде жарияланды, 21 телеарна көрсетілімдері беріліп, 30 лекция оқылды, 71 рет әңгіме өткізілді. Табиғат мұражайы және Келу орталығына 127 адам келіп жәдігерлермен танысып, мағлұмат алып қайтты.

         Ұлттық парк аумағында жалпы ұзындығы 743 шақырым 11 туристік маршруттар ұйымдастырылған, оның ішінде 5 атты-жаяулы, 5 таза жаяу, 1 аттылы бағыттар. Сонымен қатар 6 демалыс үйі, 1 аңшылар үйі, 2 киіз үй, 5-көру алаңқайы, 88 демалыс орын, 36 автотұрақ бар. 12 тексеру-бақылау бекеттері жұмыс істейді. 35395 адам экологиялық экскурсия мен танымдық туризм мақсатында демалушы ретінде парк аумағында болды. Ұлттық парк аумағынан рекреациялық және туристік мақсатта пайдалануға парк инфрақұрылымның дамуының Бас жоспарына сәйкес 32 учаске заңды және жеке тұлғаларға ұзақ және қысқа мерзімге жалға берілген. Оның ішінде қазіргі таңда «East West Company Ltd» ЖШС заманауи тұрғыда 2 қабатты коттедждер салдырып, жылу жүйесін жүргізді. «Эксперт-Сервис» ЖШС бөренеден жасалған 3 демалыс үй, 3 киіз үй, 1 монша тұрғызып, 2014 жылдан бастап демалушылар қабылдауда. Төлеби филиалының Науытсай шатқалынан пайдалануға учаске алған «Алтын Дән» ЖШС-і бөренеден 8 демалыс үй, 2 қауыз (бассейн) 1 монша тұрғызып демалушыларды қабылдауда.

«Қасқасу Тур» ЖШС-і Төлеби филиалының Қасқасу шатқалынан пайдалануға алған жерге 1 қонақ үй, 2 тапшан және 1 бөренеден жасалған  монша тұрғызып демалушыларға қызмет көрсетуде.

2013 жылы ұлттық парк дирекциясы орналасқан ғимараттағы басқа мекемеден 130 шаршы метр жұмыс бөлмелері жалға алынып, жаңадан Келу орталығы ашылған. Келу орталығы 50 адамға қабылдайтын дәрежеде жиһазбен, карталар, плакаттар, кинопроектор және т.б. қажетті мүлікпен қамтамасыз етілді.

         3.2 Басшылық және қызметкерлер

         3.2.1 Құрылым және ұйым

         Парк дирекциясы орман  және өсімдіктер дүниесінің өсімін молайту, жануарлар дүниесінің өсімін молайту, экологиялық ағарту және туризм, ғылым, ақпарат және мониторинг, табиғи кешендерді қорғау, қаржы және ұйымдастыру - барлығы 6 бөлімнен тұрады. Жедел басқаруды және күнделікті басқаруды іске асыру үшін парктің құрамында үш филиал құрылған: Төлеби (Төлеби ауданы), Түлкібас (Түлкібас ауданы), Өгем (Қазығұрт ауданы).

         Парктің штаттық қызметкерлерінің саны 109 адам, оның ішінде 43 инспекторлар орман айналымдарына бекітілген, 4 инспекторларға Жамбыл, Ақдала, Темір, Задария ботаникалық мемлекеттік қаумалдары бекітілген және 3 орман шебері бар. Парк бойынша мемлекеттік инспекторлар мәртебесіндегі қызметкерлердің жалпы саны 100. Нормативке сай орман айналымдарына бекітілген мемлекеттік инспекторлардың саны 65 адамға, орман шеберлерінің саны 24 адамға жеткізілуі қаралған еді, яғни қазіргі таңда парктің таулы өңірлері бойынша нормативке мемлекеттік инспекторлардың саны 18 адамға, орман шеберлерінің саны 21 адамға жетпейді.

         Басқару жоспарына сәйкес ғылым, ақпарат және мониторинг бөліміне 1 териолог, 1 орнитолог, 1 гидрометеоролог ғылыми қызметкерлер қаралған, бірақ ол штаттар әлі күнге бөлінбеді.

         Сонымен қатар басқару жоспарында белгіленген қосымша бір бөлім де ашылмады.

Шектеулі шаруашылық қызметі  бойынша

Парк  инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары бекітілгеннен кейін парктің әкімшілік ғимаратын, келу орталығын, зертхананы, табиғат мұражайын, қоймаларды, туристік қызмет көрсету объектілері мен жаңа кордондар жалпы парк қызметін ұйымдастыруға қажетті  нысандар салынуға тиіс еді. Алайда, оларды жобалауға және салуға тиісті қаржы бөлінбегендіктен бұрынғы жылдарда және өткен  2021 жылы жаңа құрылыстар жүргізілмеді.

Ұлттық табиғи парктің бас ғимараты мен келу орталығының, музейдің, лаборатория және т.б. қажетті нысандарды салуға облыстағы Төлеби ауданының Қазақстан елді мекені аумағынан 5,35 га учаске берілді.

         Алайда ол учаскені берілген мақсатқа пайдалануға, яғни жаңа ғимарат салуға қаржы бөлінбеді.

Сонымен қатар мекемеде  өндірістік қажеттілік нормалары бойынша болуға тиіс шынжыр табанды тракторлар мен жүк таситын автокөліктер жоқ.

         Бұл жетіспеушіліктер парк қызметін жақсарта түсуге кедергі келтіріп, өндірісте қиындықтар туғызуда.

          Ұлттық парктің бас директоры Қ.А.Пилалов, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы Қ.Қалыбаев 2021 жылдың маусым айында БҰҰДБ (ПРООН)  ұйымдастырған ЕҚТА-ның Басқару жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру жөнінде жаңа әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес жасалынған жобасын Алматы қаласында өткізілген семинар-конференцияда еліміздің ЕҚТА өкілдері, түрлі экспорттар және басқа да ғалым-мамандармен бірлесе талқылап, сәйкесінше мағлұмат алды.

Бас директор                                            Қ.Пилалов

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.