Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

???Орман-ұлттық байлығымыз,ал оны қорғау-үлкен жауапкершілік. Біздің елімізде табиғатты көзінің қарашығындай сақтап, орман алқаптарын қорғап, қалпына келтіру жолында күн-түн демей еңбек етіп жүрген орман қорғаушылардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Олардың еңбегі-келешек ұрпаққа таза ауа, жасыл алқап, бай биоалуантүрлілік қалдыру.
???‍?Осылай орманды қорғау, орман өсімін молайту, жан-жануарлар мен жабайы  табиғатқа қамқор болып, еліне, жеріне қызмет етіп жүрген Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Өгем филиалының аға орманшысы- Мақұлбаев Жаңабай Тойлыбайұлының бір күндік жұмысы.
Барша орман қорғаушыларына табиғат алдындағы адал еңбегі үшін алғыс айтамыз!
???️?Табиғатты бірге қорғайық!
 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.