Қош келдiнiздер!
Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

1932 жылы 10 наурызда облыс негізі қаланды.  1962 жылдың 3 мамырынан 1992 жылдың 6 шілдесіне дейін Шымкент облысы деп аталды. 1992 жылы облысқа бұрынғы – Оңтүстік Қазақстан атауы берілді. Облыс орталығы – Шымкент қаласы.
Облыс аумағы 117,3 мың.км²  немесе республика аумағының 4,3 %  құрайды. Солтүстік және оңтүстік учаскелер арақашықтығы тігінен  600 км.
Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына облыс қарамағындағы 4 қала: Шымкент, Кентау, Түркістан, Арыс және 11 селолық аудан кіреді.  


Аудандық/қалалық әкімшілік 

аудан орталығы

халқы, адам.(2010)

ауданы
км²

қалалар

селолық
округ
тер 

ауылдар
(сел
о)

Шымкент қ.

-

579 700

300

1

-

-

Арыс қ.

-

67 200

6 200

1

6

28

Кентау қ.

-

88 900

600

1

4

7

Түркістан қ.

-

206 900

7 400

1

12

35

Байдыбек  ауданы

Шаян селосы

56 000

7 200

-

11

52

Қазығұрт ауданы

Қазығұрт селосы

106 000

4 100

-

13

61

Мақтаарал ауданы

Жетісай қаласы

278 700

1 800

1

24

180

Ордабасы ауданы

Темірлан  селосы

102 300

2 700

-

10

59

Отырар  ауданы

Шәуілдір селосы

57 800

18 100

-

14

43

Сайрам ауданы

Ақсукент селосы

263 000

1 700

-

17

71

Сарыағаш  ауданы

Сарыағаш қаласы

267 500

7 700

1

25

153

Созақ ауданы

Шолаққорған селосы

55 600

41 000

-

12

38

Төлеби ауданы

Леңгір қаласы

119 500

3 200

1

14

60

Түлкібас ауданы

Тұрар Рысқұлов селосы

102 300

2 300

-

15

61

Шардара  ауданы

Шардара қаласы

78 100

13 000

1

10

25

Табиғаты

Оңтүстік Қазақстан облысы Тұран жазығының шығыс бөлігі мен батыс Тянь-Шань тау сілемінің шегіндегі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Аумақтың басым бөлігі жазық, кедір-бұдырлы құмды Қызылқұм, Шардара даласы (оңтүстік-батысында, Сырдарияның сол жағасының бойы) және Мұйынқұм (солтүстігінде, Шудың  сол жағасының бойы).  Солтүстік бөлігін Бетпақ-Дала шөлі, оңтүстігін – бетпақ дала  (Мырзашөл) алып жатыр. Облыстың орта бөлігін Қаратау жотасы (Бессаз тауы - 2176 м), оңтүстік-шығысында – Талас Алатауының батыс бөлігі, Қаржантау жотасы (биіктігі 2824м дейін) және Өгем (биік шыңы – Сайрам шыңы – 4238 м) алып жатыр.
Ірі өзендері – Сырдария (Келес, Құрыкелес, Арыс, Бұғын және т.б. салаларымен) облыс аумағын оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай басып өтеді, және солтүстігінде ағып өтіп Мойынқұм құмдарына сіңіп жоғалатын Шу өзені (төменгі ағысы).
Облыс қатаң климат зонасында орналасқан.  Құнарлы жер, мол шуақты күн көзі, кең жайылым осы ауданда ауыл шаруашылығының әр түрін, оның ішінде суармалы жер шаруашылығы мен жайылмалы қой шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндік тудырады. Мақта, күріш егістіктері, сондай-ақ бақтар мен жүзімдіктер  жоғары өнім береді.

Кен орындары

Облыста полиметалл кен орындары бар (Кентау, Ащысай, Байжан, Мырғалымсай қаласы ауданында Қаратау жотасы баурайының  оңтүстік-батысында кен орындары және т.б.). Қаратау жотасының темір кен  рудалары үлкен өндістік маңызға ие. Облыста құрылыс материалдарына арналған материалдық-шикі заттық  ресурстар бар (әктас, гипс, кварцты құм, керамикалық және бетонды отқа төзімді саз, минералды бояулар, жасанды тастар).   
2010 жылғы желтоқсанда республиканың оңтүстігін табиғи газбен жабдықтау, сондай-ақ Қазақстан-Қытай газқұбырына экспорттық газды жеткізу үшін Батыс Қазақстан кен орындарынан газды тасуға арналған Бейнеу-Базой-Шымкент газ құбырының құрылысы басталды. Газ құбырының ұзындығы 1,5 мың километр, құрылыстың болжамды сомасы $3,6 миллиард, қызмет ету мерзімі 30 жыл. Жаңа газ құбырын пайдалануға енгізумен газ жеткізу көлемі Қызылорда облысы бойынша бес есеге, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл және Алматы облыстары бойынша 3-4 есеге артады. Бейнеу-Базой-Шымкент газ құбырының құрылысы басталды. Бірінші кезеңде (2012 жылға дейін) өткізу қабілеттілігі жылына 5 млрд кубметр Базой —Шымкент учаскесін, екінші кезеңде (2013-2014 жылдары) – қосымша  компрессорлық станциялар мен Бейнеу-Базой учаскесін енгізу жолымен газ құбырының қуаттылығын жылына 10 млрд кубметрге жеткізу жоспарлануда. Бейнеу — Базой — Шымкент газ құбыры  Қазақстан-Қытай газ құбырының екінші учаскесі ретінде қарастырылады.
Халқы
Оңтүстік Қазақстан халқы құрамында қазақтардың басым болуына  қарамастан (1990 жылдар басында едәуір артты және қазіргі уақытта тұрғындар арасында қазақтар үлесі 72 % құрайды), этнотілдің алуандығымен ерекшеленеді. Облыс тұрғындарының арасында кейбір қала және аудан (Сайрам, Түркістан, Ақсукент, Икан) тұрғындарының едәуір бөлігін қамтитын өзбектер кеңінен таралған (барлық тұрғындардың шамамен 18 %), орыстар тұрады (негізінен Шымкент қаласында, бірақ олардың үлесі соңғы 20 жыл ішінде 23 %, 1980 жылы шамамен 6 % дейін кеміді), қазіргі уақытта сондай-ақ тәжіктер, корейлер, құрлар тұрады. Қазақ, орыс (оның ішінде ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде) және өзбек тілдері таралған.

 

Танымал тұлғалар
Облыста туғандар:

  • Түреқұлов, Нәзір Түреқұлұлы (1892 — 3 қазан 1937) — кеңестік партияшы, мемлекет қайраткері,  дипломат, тілші, филолог.
  • Юсупова, Әлия Мақсұтқызы (15 мамыр 1984, Шымкент, ҚазКСР) — қазақстандық спортшы, жеке жаттығуларда көркемдік гимнастика өкілі. 
  • Саттарханов, Бекзат Сейілханұлы - (4 сәуір 1980, Түркістан, Қазақ КСР — 31 желтоқсан 2000 Шымкент, Қазақстан) — қазақстандық әуесқой боксшы, 2000 жылғы Олимпиада чемпионы. 
  • Молдабаев, Ережепбай - (1925—1944) — Ұлы Отан соғысына қатысушы, 545-ші атқыштар полкі бөлімшесінің,  289-шы  Бердичевск атқыштар дивизиясының командирі,   (3-ші гвардия әскері, 1-ші Украин  майданы). Кеңес Одағының батыры, кіші сержант.
  • Жолдасбеков, Өмірбек Арсланұлы (1 наурыз 1931, Қызыл-Су селосы, Сайрам ауданы,  Шымкент облысы   — 1999, Алматы) — ғалым-механик, ҚазКСР академигі (1979), техника ғылымының докторы  (1972), профессор (1973), ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты   (1982), ҚазКСР ғылымының еңбегі сіңген қайраткері (1974).   1958 жылдан бастап СОКП мүшесі.
  • Рахимов, Сабыр Омарұлы - (12 (25) қаңтар 1902 — 26 наурыз 1945) —37- ші Речицк гвардиясының командирі, екі мәрте  Краснозамён ордені, 2-ші дәрежелі Суворов, 1-ші дәрежелі Кутузов, 2- ші дәрежелі  Богдана Хмельницкий, 2-ші Белорус майданының 65-ші атқыштар дивизиясының,  гвардиясының генерал-майоры, Кеңес Одағының батыры. 
  • Ибраев, Рашид Тұрарұлы - (16.06.1948, Ванновка с., Түлкібас ауданы, Шымкент обл.), қазақстандық мемлекет  қайраткері, дипломат, Шымкент қаласының құрметті азаматы. 
  • Оңдасынов, Нұртас Дәндібайұлы - 13 (26) қазан 1904 жыл, Түркістан жанындағы Үш қайық ауылы   (бүгінде Нұртас-ауылы) — 1989 жыл, Москва) — кеңес мемлекет  қайраткері,  1938 бастап 1951 жыл аралығында —Қазақ КСР үкіметінің басшысы.  
  • Бектаев, Калдыбай Бектайұлы - (27 қараша 1920 жыл, Чубаров селосы, РСФСР) — қазақ  ғалымы, математик және тіл маманы. Ол ғылымдағы жаңа бағыт – математикалық және инженерлік лингвистиканың негізін қалаушылардың бірі. 
  • Атаев, Рақымжан - (1949 жылы, Қазақ КСР Шымкент облысы, Түркістан  ауданы,  Шопан с. туған) — Өзбекстанның тәуелсіздік жылдары шығармашылықпен белсенді айналысушы  танымал өзбек жазушысы, аудармашы,  публицист әрі сыншы.  
  • Кенжеев, Бахыт Шкуруллаевич - (2 тамыз 1950, Қазақ КСР, Шымкент) — ақын.
  • Дворцевой, Сергей Владимирович - (1962 жылы 18 қыркүйекте туған, Қазақ КСР, Шымкент) — ресейлік  кинорежиссёр-құжаттанушы.
  • Шаханов, Мұхтар — кеңестік және қазақстандық ақын әрі жазушы,  КСРО бас кеңесінің бұрынғы депутаты. 1942 жылы туған. Шымкент педагогикалық институтының түлегі.  М. Шаханов шығармашылығы көптеген тілдерге аударылған.   
  • Шамаев, Ахмад-хаджи – 2000 жылғы 22 тамыздан бастап 2005 жылғы 26 мамыр аралығында Шешен Республикасының мүфтиі.    
  • Уризченко, Валерий Яковлевич - (8 қараша 1941 – 24 мамыр 2004)   кеңес экранолёт конструкторы, авиаконструктор, жабық жұмыстарға арналған КСРО СМ сыйлығының лауреаты (1982г.) экраноплан конструкторы.
  • Шер, Яков Абрамович — ресейлік ғалым, археолог, Кемер мемлекеттік университеті археология кафедрасының профессоры.   
  • Алматов Зәкір Алматұлы, Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі  (1991—2005)
Туризм саласындағы қызметтер
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.