Қош келдiнiздер!
Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және
аңшылықшаруашылығы комитетінің
2006 жылғы 27 каңтардардағы № 19
бүйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы, 1999 жылғы 12 ақпандағы №119 «Мемлекеттік мекеме туралы ережені және мемлекеттік орган болып саналмайтын мемлекеттік мекеменің Үлгі жарғысын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту» туралы қаулыларына сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығы бар табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтау, қалпына келтіру және көп салалы мақсатта пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған заңды түлға мәртебесі бар және республикалық санаттағы коммерциялық емес үйым больіп табылады.
3. Мекеме «Оңтүстік Қазақстан облысы жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 52 қаулысына сәйкес құрылды.
4. Мекеме қүрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Мекеменің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ ол жөнінде мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті болып табылады. (бұдан әрі -уәкілетті орган.)
5. Мекеме өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және уәкілетті органның бүйрықтарына, өзге де нормативтік-қүқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
6. Мекеменің заңнамада белгіленген тәртіппен дербес балансы, бюджеттік және басқа да шоттары, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері және рәмізі бар.
Мекеменің қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқару органы тіркейтін белгіленген үлгідегі паспорты бар.
7. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің қарауындағы ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жетіспеген жағдайда оның міндеттемелері барынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жауап береді.
8. Мекеме жасасатын азаматтық-қүқықтық мәмілелер заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуге жатады.
9. Мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік үлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение «Сайрам-Угамский государственный национальный природный парк» Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан».
10. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Лесхоз кенті, Ә. Ысқақов көшесі.
11. Мекеменің құрылтай қүжаттары «Оңтүстік Қазақстан облысы жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысы және осы ереже болып табылады.
12. Мекеменің мынадай филиалдары бар:

  1. Өгем, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығүрт ауданы, Қазығүрт селосы;
  2. Төлеби, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласы;
  3. Түлкібас, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов селосы.

13. Мекеме филиалдары өздерінің қызметін Мекеменің бас директоры бекітетін Филиал туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Негізгі міндеттері, қызмет түрлері және құқықтары
14. Мекеменің негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік табиғи-қорық қорын, биологиялық әр алуандықты, ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығы бар бірегей табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтау;
2) табиғи процестердің дамуын табиғи қалпында зерделеу және экологиялық мониторинг жүргізу;

  1. Мекеме аумағын ғылымды, мәдениетті, оқу-ағарту мен білімді дамыту мақсатында нысаналы және ұтымды пайдалану;
  2. ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде және уәкілетті органмен келісім бойынша бүлінген табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді қалпына келтіру;
  3. осы мақсаттар үшін белгіленген аймақтарда экологиялық туризмді, рекреацияны, шектеулі шаруашылық қызметті үйымдастыру және жүзеге асыру;
  4. экологиялық оку-ағартуды үйымдастыру.

15. Мекеме өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі қызмет түрлерін:
1) Мекеме аумағында биологиялық сан алуандықты, бірегей табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтауды, зерттеуді және қалпына келтіруді, табиғи ресурстарды орңықты және теңдестірілген дәрежеде пайдалануды;
2) мемлекеттік табиғи-қорық қорын, тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мәселелері бойынша бағдарламаларды әзірлеу мен орындауға қатысуды;
3) Мекеме аумағында және оның күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнама, орман заңнамасы және жануарлар дүниесі туралы заңнама талаптарын сақтау жөніндегі тексерулерді жүзеге асыруды;
4) Мекеме аумағында ғылыми зерттеулер жүргізуді;
5) ормандарды, жануарлар дүниесін ясәне табиғи-қорық қорының басқа объектілерін қорғауды, күзетуді, молықтыруды қамтамасыз етуді;
6) мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды, Мекеменің экологиялық жүйелеріне зиянды әсерлердің алдын алу мен жою жөніндегі қорғаныштық іс-шараларды орындауды;
7) мемлекеттік ұлттық парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағарту, ғылыми, рекреациялық, туристік және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеуді;
8) табиғат қорғау ұйымдарымен бірлесіп іс-қимыл жасауды;
9) орман қоры мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, орман мониторингін, мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің есебі мен кадастрын жүргізуге қатысуды;
10)экологиялық мрниторинг жүргізуді; -
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биологиялық сан алуандылықты сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуды жүзеге асырады.
16. Негізгі міндеттерін іске асыру үшін Мекеме өзінің қүзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өзінің негізгі қызмет түрлерін орындау үшін қажет ақпаратты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;

  1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
  2. Мекеме аумағына жүрген түлғалардан келу қүқығына берілген рүқсатты тексеруге;

4) Мекеменің күзет аймағы аумағында табиғат пайдалануды және өзге де қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжаттарды тексеруге
5). Мекеме мен оның оның күзет аймағының аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған адамдарды бөгеуге және аталған тәртіп бұзушыларды құқық қорғау органдарына жеткізуге;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылардан заңсыз табиғат пайдалану өнімдері мен құрал-саймандарын, көлік құралдарын, сондай-ақ тиісті құжаттарды алуға;
7) Мекеме мен күзет аймағының аумағында көлік қүралдарын тексеруге;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру үшін Мекеме мен оның күзет аймағының аумағында орналасқан кез келген объектілерде кедергісіз болуға;
9) Мекеме мен оның күзет аймағын ерекше қорғаудың режиміне сәйкес келмейтін шаруашылық және өзге қызметті тоқтата тұруға;
10) Мекеме мен оның күзет аймағының табиғи кешендері мен объектілеріне келтірілген нұқсанды өтеу есебіне қаражат өндіріп алу туралы жеке мен заңды түлғаларға талап-арыздар қоюға құқығы бар.
17. Мекеме өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен негізгі қызмет түріне жатпайтын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) оқушылар мен студенттердің оқу экскурсиялары мен сабақтарын, өндірістік практикаларын, ғылыми кадрлар даярлауды, қорық ісі, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты орнықты пайдалану саласындағы мамандарды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу;
2) туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлік тұрақжайларын, кемпингтер, киіз үйлер, шатырлы лагерьлер, қонақүйлер, мотельдер, туристік базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, туристік жабдықтар ұсыну;
3) әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды өткізу;
4) жолсеріктер, экскурсия ұйымдастырушылар, гидтер және аудармашылар қызметтерін, мемлекеттік табиғи қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мүра объектілерінде, табиғат мұражайларында және жанды мүйістерде болу және оларды зерделеу кезінде кино-, бейне- және фототүсірмелер жасау қызметтерін ұсыну;
5) көлік қызметтерін, салт аттар ұсыну;

  1. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі қызметтерді ұсыну; *
  2. қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер көрсету;
  3. шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу, соның ішінде кәдесый өнімдерін, шеберханалық және халықтық кәсіпшіліктер, жарнамалық өнімдер өндіру, аралық мақсатта және өзге де мақсаттарда пайдалану үшін ағаш кесуден алынған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеуден алынған өнімдерді өткізу;

9) жанама орман пайдалануды жүргізу және оны өндеуден алынған н өнімді өткізу;

  1. ағаш отырғызу материалын өсіру;
  2. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде қорғаныштық және көгалдандыру екпелерін отырғызу;
  3. биотехникалық іс-шаралар жүргізу үшін өнім өндіру;

13) рекреациялық, туристік және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жеке және заңды тұлғалармен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіру және қызмет көрсету.
6) көлік қызметтерін үсыну.
3. Мекемені басқару
18. Уәкілетті орган заңнамамен белгіленген тәртіппен Мекемеге қатысты мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. Мекемеге мүлік бекітіп береді;
  2. Мекемені үстауға арналған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) Мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасайды;
4) Мекеменің Ережесін бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

  1. Мекемені басқару жоспарын бекітеді;
  2. Мекеменің Бас директорын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
  1. Мекеме Бас директорының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны қызметінен босату негіздерін айқындайды;
  2. Мекеме Бас директорының ұсынымы бойынша Мекеме Бас директорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Мекеме филиалдарының директорларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды келіседі;

9) Мекеме құрылымын бекітеді және Мекеменің шекті штат кестесін келіседі;
10) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді.
19. Уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде Мекеме қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы жүзеге асырады.
20. Мекеменің Бас директоры Мекеме жүмысын ұйымдастырады және басқарады, тікелей уәкілетті органға бағынады және Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызмет түрлерерінің жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
Мекемеде ғылыми-техникалық кеңес құрылады, ол туралы ереже мен оның құрамын Бас директор бекітеді.
21. Мекеме директоры дара басшылық принциптерімен әрекет жасайды және Мекеме қызметінің мәселелерін Казақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ереже айқындайтын оның құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
22. Мекеменің Бас директоры қызметін жүзеге асырғанда заңнамамен белгіленген тәртіппен:

  1. Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
  2. барлық ұйымдарда Мекеме мүдделерін білдіреді;
  3. заңнамамен белгіленген жағдайларда және дәрежеде мүлікке иелік етеді;
  4. шарттар жасайды;
  5. сенімхаттар береді;
  6. заңнамада көзделген жағдайларда банк шоттарын ашады;
  7. Мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) уәкілетті органның келісімімен Мекеменің штат кестесін бекітеді;
9) Мекеменің филиалдары туралы ережені бекітеді;
10) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін уәкілетті органға кандидатуралар ұсынады, сондай-ақ уәкілетті органмен келісім бойынша Мекеме филиалдарының директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) өзінің орынбасарының және Мекеменің өзге де қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;

  1. уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
  2. Мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар жариялайды.

23. Мекеме филиалдарының басшылары Мекеменің Бас директоры берген сенімхат негізінде әрекет жасайды.

4. Мекеме мүлкін құру және оның қызметін қаржыландыру тәртібі
24. Мекеме мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құралады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Мекеме балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
25. Мекеме мүлкі оған жедел басқару құқығымен тиесілі болады және республикалық меншікке жатады.
26. Мекемені қаржыландыру:
республикалық бюджет қаражаты;
мыналардың:
ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде жеке мен заңды тұлғаларға ақылы қызметтер көрсету;
Мекеме рәміздерін пайдалануға рұқсат беру;
шектеулі шаруашылық қызметтен алынған қаражат;
жеке мен заңды тұлғалардың ерікті жарналары және қайырмалдығы есебінен жүргізіледі.
27. Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңнамаға сәйкс есеп беріп отырады.
28. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және оған ревизия жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ішкі бақылау қызметі жүзеге асырады.
5. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
29. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырудан кейін таратылған Мекеменің қалған мүлкі уәкілетті органымен бөлінеді.

32. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырудан кейін таратылған
Мекеменің қалған ақшалары, соның ішінде Мекеменің мүлкін сату нәтижесінде
алынған қаражатар республикалық бюджетінің табысына алынады.

Туризм саласындағы қызметтер
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.